СҚО ТЖД-да суицидтің алдын алу бойынша семинар-кеңес өткізілді

СҚО ТЖД-да суицидтің алдын алу бойынша семинар-кеңес өткізілді

СҚО ТЖД департаменті бөлімшелерінің басшыларымен Петропавл қ.Қызылжар мешітінің бас тәлімгері Имам Уагазов Арман Маратұлының шақырылуымен жеке құрам арасында суицидтік мінез-құлықтың алдын алу бойынша семинар-кеңес өткізілді.

Семинар барысында азаматтық қорғау органдары жүйесіндегі суицидтің жалпы статистикасы қаралды. Статистикалық және эмпирикалық материалдар негізінде суицидтің табиғаты, оның пайда болуы мен дамуын анықтайтын факторлар туралы қорытынды жасалды, аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу шаралары ұсынылды.
Бас маман-психолог СҚО ТЖД МЖӘ
азаматтық қорғау капитаны
Л. Шайкенова