2023 жылғы 17 қарашадан 2023 ж. 19 қараша 21 сағ. аралығына дауылды ескерту

2023 жылғы 17 қарашадан 2023 ж.  19 қараша 21 сағ. аралығына дауылды ескерту

18 қарашада Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 19 қарашада түнде облыстың басым бөлігінде қар жауады. 18 қарашада облыстың басым бөлігінде, 19 қарашада облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. 18 қарашада облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, 19 қарашада облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. 18 қарашада күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, 19 қарашада облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, 18 қарашада түнде облыстың оңтүстігінде, батысында, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с, облыстың оңтүстігінде, шығысында 30 м/с және одан да аса, 19 қарашада солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с. 19 қарашада ауа температурасы түнде 8-13, облыстың солтүстігінде, шығысында 16 градус аязға дейін, күндіз 5-10 градус аязға дейін күрт төмендейді.