«СҚО ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ акт залында қызметкерлерді салтанатты түрде зейнетке шығарып салу шарасы өтті. ТЖ Департаменті ардагерлерінің алтын запасы тағы бір айбынды офицермен толықты.
Ағымдағы жылдың 14 қараша күні акт залында Ахметбеков Асқар Жасұланұлын құрметті демалысқа сый-құрметпен шығарып салдық. Өздерінің кәсіби жұмысы барысында талай өрттерді сөндіруге қатысты. Құтқарушы – бұл лауазым мен кәсіп емес, бұл қиын сәтте адамдарға көмек көрсетуге әрқашан дайын болу міндеті. Біздің офицерлеріміздің бойында адал жұмыс істеуге қажетті барлық қасиеттер бар.
20 жылдан астам уақыт еңбек өтілін құраған Асқар Ахметбеков 2004 ж ақпанынан бастап 2007 ж. дейін Ақжар ауданының құқық қорғау органдарында қызмет ете бастады, одан әрі Тайынша ауданының 17 – ӨСБ жүргізушісі болып ауысты. 2020 жылы жоғары білім алып, Ақжар ауданы Талшық ауылының №8 - ӨСБ қарауыл бастығы болып тағайындалды. Еңбек жолын Тайынша ауданы Келлеровка ауылының №14-ӨСБ №27 өрт сөндіру бекетінің бастығы болып аяқтады.
Біздің батырларымыздың бойында кәсіби қасиеттерден басқа ұйымдастырушылық, әзіл-оспақты түсіне білу, мақсатқа жету, мейірім, ілтипаттылық пен өздерінің әріптестеріне деген үлкен құрмет сияқты адами қасиеттері де бар.
Барлық қызметкерлер өздерінің бұрынғы әріптес туралы бір ауыздан жақсы пікірлер айтуда. Зейнетке шығуларымен құттықтап, мықты денсаулық пен үй ішінің амандығын тіледі.
Өрт сөндіру қызметінің бірінші басшысы Нұрлан Нүкішев зейнеткердің барлық еңбектері мен адамгершіліктерін өз аузымен айтып, жоғары кәсіпқойлықтары үшін өзінің алғысын білдірді.
«СҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ
қоғаммен байланыс тобы