Улы газ

Улы газ

Улы газдың ең қорқынышты қасиеті оның ешқандай иісі жоқтығында, демек ауада оның буының бар-жоқтығы арнайы жабдықсыз анықтау қиынға соғады. Ал ол кез-келген жерде пайда болуы мүмкін. Бұл үшін кез-келген жану процессінің болуы жеткілікті. Егер жану ошағының жанында оттегінің қоюлануы жеткіліксіз болса, онда улы газдың қалыптасуына барлық мүмкіндік бар. Улыгазбен улану күтпеген жерде болады, себебі  зардап шегуші біраз уақыт оның буымен тынысалғанын мүлдем сезбейді. 

   Улы газбен уланудын белгілері: бастың айналуы және бастың ауруы, сананың бұлдырауы, тұншығу, бұлшық еттердің әлсіреуі, құлаққа шудың естілуі, лоқсу, құсу, ұйқышылдық болып табылады. Кейде керісінше, аз уақытқа қозғалыстың белсендеуі, артынан қозғалыс үйлесінің бұзылуы, сандырақтау, галлюцинация, естен тану, тырысу, ессіз күй тыныс алу ортылығының сап болуынан қаза болу. Егер зардап шегушінің тыныс алуын дер кезінде таза ауамен қамтамасыз етпесе, оның қайтыс болуы әбден мүмкін. Улы газбен қатты улану оқиғадан кейін 15-20 күн өткеннен кейін де өзі туралы жағымсыз түрде еске салуы мүмкін.

Улы газдың ең кең таралған көздері-пайдаланылған газды шығаратын газ және май пештері, қатты отынмен жанатын пештер, газ құралдары, су жылытқыштары мен қозғалтқыштар. Пештердегі сызаттар, бітелген түтіндік, шығырланған құбырлар улы газдың тұрғын бөлмелерге таралуына әкеліп соғуы мүмкін. Пешке таза ауаның жеткіліксіз кірмеуі де үйдің ішінде улы газдың жиналуына әсер етеді. Үйлердің тар құрылыстары да улы газбен улану қауіпін жоғарылатады, себебі еркін желдетуді қамтамасыз етпейді.

Улы газбен уланудың алдын алу үшін келесі шараларды сақтау қажет:

  • -жылыту маусымы қарсаңында үйдегі пештерді тексеру және жөндеу;
  • -Барлық түтіндік құбырлары мен олар өтетін қабырғаларды әктеу;
  • -тұрақты түрде, кем дегенде екі айда бір рет түтіндіктер мен пештерді ішінде жиналған күйеден тазарту;
  • -пешті пайдаланған кезде көмір толық жанбағанша жапқышты жаппау;
  • -көмірді үй ішіндегі алауошаққа жақпау;
  • -үйді жылыту үшін газ плитасын, пештерін пайдаланбау;
  • -газ құралдары пайдаланатын бөлмелерде ұйықтамау
  • -газ құралдарын қолданған кезде ауа сорғышты орнатып, қосу.
  • -газ құралдары орнатылған бөлмелерді әрқашан желдету;

             Жоғарыда аталған ұсынымдарды сақтасақ, біз адамдардың улы газбен улану оқиғаларына жол бермейміз және жеке тұрғын үй секторында тұрмыстық өрттердің санын айтарлықтай қысқартамыз.

 

 

Инженер ОЧС района М. Жумабаева

мл.сержант гражданской защиты          Н.Төлеген