
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтық қорғау органдарының жеке құрамымен идеологиялық және тәрбие жұмысына ерекше көңіл бөледі. Осы жұмыстың 2024-2028 жылдарға арналған негізгі кезеңдерін айқындайтын арнайы тұжырымдама, сондай-ақ оны ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірленді.
ТЖ бөлімдерінің, өрт сөндіру бөлімдері мен өрт сөндіру бекеттерінің жеке құрамымен танысу және оларға әдістемелік құжаттарды жеткізу, сондай-ақ жеке құрамның заңдылық пен тәртіпті сақтауына, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шараларды жүргізу мақсатында СҚО ТЖ департаментінің бастығы полковник Ерік Сарыбаев және Департамент бастығының орынбасары азаматтық қорғау подполковнигі Нариман Ашамаев жұмыс сапарымен облыстың Мамлют, Жамбыл және М. Жұмабаев аудандарына барды.
Сапар барысында ҚР ТЖМ аумақтық органының басшы құрамының өкілдері Булаев қаласы, Пресновка, Благовещенка және Возвышенка селоларының АҚО қызметкерлерімен кездесіп, бөлімшелердің жұмысымен, өрт сөндірушілердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларымен танысып, олардың проблемалық мәселелері мен тілектерін тыңдады.
Ерік Темірханұлы мен Нариман Қадармаұлы идеологиялық және тәрбие жұмысының негізгі ережелерін түсіндіріп, оның патриоттық бағытына ерекше назар аударып, мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының мәселелерін түсіндірді. Сондай-ақ, тәлімгерлік институтының, жаңадан қабылданған жас қызметкерлермен дәйекті жұмыс істеудің маңыздылығы атап өтілді.
«Азаматтық қорғау органдарының қызметкері халықты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау жөніндегі өз борышын адал әрі жанқиярлықпен атқара отырып, азаматтар үшін үлгі болуға тиіс», - деп Ерік Сарыбаев СҚО ТЖД бөлімше өрт сөндірушілерінің назарын аударды.
Департамент бастығының орынбасары азаматтық қорғау подполковнигі Нариман Ашамаев