
2023 жылғы 19 қазанда Петропавл қаласының Оқушылар сарайында Азаматтық қорғау қызметінің қызметкерлері мен ардагерлерінің кәсіби мерекесі – Құтқарушылар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Сарай залында іс-шара қонақтарына өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың өрт-техникалық қару-жарақ көрмесі, мереке тақырыбы бойынша балалар суреттері ұсынылды.
СҚО ТЖ департаментінің туын енгізу рәсімінен кейін Департамент гарнизонының жеке құрамы, қызметкерлер мен ардагерлерді облыс әкімінің орынбасары Рүстем Құрманов құттықтады.
Рүстем Жомартұлы құтқарушылар мен өрт сөндірушілер өздерінің жанқиярлық еңбегімен, қорқынышсыздығымен, кез келген сәтте төтенше жағдайларда адамдарға көмекке келуге дайын болуымен халық арасында лайықты құрмет пен беделге ие болғанын атап өтті. Ол Департамент ұжымына халықты қорғаудың игі ісінде одан әрі табыстар тіледі және азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері алдағы уақытта да Қазақстан халқының игілігі үшін өздерінің қызметтік борышын үлгілі орындау үшін бар күш-жігерін, іскерліктері мен дағдыларын беретініне сенім білдірді.
«Бүгінде өңірде құтқару қызметтерін қажетті материалдық-техникалық жарақтандырумен қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдануда. Тек ағымдағы жылы жергілікті бюджет есебінен шамамен 575 млн. теңге бөлінді. Өрт-техникалық және құтқару жабдықтары мен көлік құралдары сатып алынды», - деді СҚО әкімінің орынбасары.
Содан кейін ол Департаменттің өрт сөндіру және құтқару бөлімшелерінің қызметкерлеріне облыс әкімінің грамоталары мен алғыс хаттарын табыс етіп, олардың Қазақстан Республикасы халқының игілігі үшін адал еңбектерін атап өтті.
Іс-шараға қатысушылар мен қонақтарға, азаматтық қорғау органдарының ардагерлеріне СҚО ТЖ департаментінің бастығы полковник Ерік Сарыбаев құттықтау сөз сөйледі. Ол жеке құрамды мерекемен шын жүректен құттықтап, зор денсаулық, амандық, кәсіби қызметте табыс тіледі.
Жыл сайын Департаменттің жедел қызметтері 3000-нан астам шығуларға барады, 2000-ға дейін адам құтқарылады және ТЖ аймақтарынан шығарылады, 70-тен астам зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетіледі.
«Қауіпсіз ел» ұлттық жобасына сәйкес жедел-құтқару жасағы ғимаратының заманауи кешенінің құрылысы жалғасуда. Тәуелсіздік жылдарында алғаш рет облыс орталығында «Береке» шағын ауданында 6 автокөлікке арналған типтік өрт сөндіру депосы салынуда. Жаңа объектілерді пайдалануға беру халыққа қызмет көрсету мен ден қоюдың жеделдігін бірнеше есе арттырады.
Содан кейін ҚР ТЖМ және СҚО ТЖД ведомстволық наградаларымен, құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен, азаматтық қорғау ардагерлері мен Департамент қызметкерлерін, мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдар өкілдерін марапаттау рәсімі өтті. Осы салтанатты күні барлығы 30-дан астам адам марапатталды.
«Мамандық – құтқару» тақырыбында қызметкерлердің балалары арасында өткізілген сурет байқауының қарсаңында жеңімпаздарға дипломдар мен естелік сыйлықтар табыстау әсерлі оқиға болды. 2 жас санаты бойынша үздік 6 жас суретші марапатталды – 5-8 және 9-12 жас. Бұл кеш балалардың есінде ұзаққа сақталатын болды.
Іс-шараға қатысушылар мен қонақтарды облыс орталығының солистері мен ансамбльдері әндерімен және би нөмірлерімен құттықтады. Департамент қызметкерлері бұл күні күш-қуат пен көтеріңкі көңіл-күй алды. Ал бұл өрт сөндірушілер мен құтқарушылар жұмысында – жанқиярлық, батырлық және біздің әдемі Отанымыз – Қазақстан Республикасына аса қажет жұмыста өте маңызды!
СҚО ТЖ департаментінің
Қоғаммен байланыс тобы