СҚО Төтенше жағдайлар департаментінде жаңа бастық таныстырылды

СҚО Төтенше жағдайлар департаментінде  жаңа бастық таныстырылды

2023 жылғы 22 қыркүйекте Петропавлда СҚО әкімінің орынбасары Сатжан Аблалиев Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы лауазымына тағайындалғанды таныстырды.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор С.Д. Шәріпхановтың бұйрығымен бұрын Түркістан облысы ТЖ Департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарған полковник Ерік Темірханұлы Сарыбаев бастық лауазымына тағайындалды.

         Е. Т. Сарыбаев 1976 жылы 28 мамырда Түркістан облысы Ордабасы ауылдық округінің Темірлан ауылында дүниеге келген.

       1998 жылы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген. 2013 жылы Ресей ТЖМ азаматтық қорғау Академиясын «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс», «Әскери бөлімдер мен құрамаларды басқару» мамандықтары бойынша бітірді.

         Жұмыс өмірбаянын 1998 жылы Шымкент қаласы, «Мақсат» ЖШС құрылыс шебері қызметінен бастаған.  Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі қызметін 2000 жылы 25717 әскери бөлімінің химиялық қызмет бастығынан 21450 әскери бөлімінің тәрбие және психологиялық жұмыс жөніндегі батальон командирінің орынбасарына дейінгі жолдан өткеннен кейін бастады.

         2009 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің авариялық-құтқару қызметі бөлімінің аға офицері лауазымына тағайындалды. Бөлім бастығынан Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасарына дейінгі жолдан өтті.

Төтенше жағдайлардың алдын алу және авариялық-құтқару жұмыстары саласында үлкен жұмыс тәжірибесі бар.

         Қызметтік қызметтегі жоғары көрсеткіштері, ТЖ алдын алу бойынша жұмыстағы жетістіктері, Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесін дамытуға қосқан зор үлесі үшін ведомстволық наградалармен, грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды.

         Ерік Сарыбаев Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы болып тағайындалған СҚО ТЖД бастығы полковник Рамиль Фаткулович Камаловтың орнына келді.

          СҚО әкімінің орынбасары Рамиль Фаткуловичтың барлық бағыттар бойынша ҚР ТЖМ аумақтық органының қызметін жандандыру бойынша атқарған үлкен ұйымдастырушылық жұмысын атап өтіп, осындай маңызды жұмыс бағытының лайықты сабақтастығына, халықты табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ-дан қорғауды қамтамасыз етуге сенім білдірді.

        

    Солтүстік Қазақстан облысы ТЖ департаментінің

    Қоғаммен байланыс тобы