2023 жылғы 29 тамызда Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары» ММ акті залында Қазақстан Республикасы Конституция Күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиын өтті. Көркем безендірілген акті залында орталық аппарат, ТЖ бойынша қалалық басқарма және аудандық бөлімдері, «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары» ММ, ведомстволық бағынысты мекемелердің басшылары.
Мемлекеттік әнұран орындалып, әрбір қазақстандық өміріндегі еліміздің басты заңының маңызы мен рөліне арналған бейнеролик көрсетілген соң, кеңеске қатысушылар алдында Департамент бастығының орынбасары подполковник Мұрат Қанғожинов қысқа баяндама жасады. Ол өз баяндамасында мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік үздік дамуына, азаматтардың жақсы да, лайықты өмірін қамтамасыз етуіне жағдайлар жасауына Конституцияның маңызы ерекше екендігін айтты.
Бұдан әрі, байырғы дәстүр бойынша, Департамент қызметкерлерін Құрмет грамоталары және Алғыс хаттармен марапаттауы жүргізілді. ТЖ алдын алу мен жоюдың мемлекеттік жүйесін нығайту мен дамуына зор үлес қосқаны, қызметтік міндеттерді үздік атқарғаны және Қазақстан Республикасы Конституция күнін мерекелеуге орай Депараменттің басқармалары мен бөлімдері, «Өрт сөндіру және авариялық – құтқару жұмысы» ММ 22 қызметкері марапатталды. , өрт сөндіру қызметінің мамандары қызметтік міндеттерін адал атқарғаны, жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін өрт сөндіру қызметі бастығының Нұрлан Нүкішевтің қолынан «алғыс хаттар» алды.
Жиын соңында мерекелік концерт ұйымдастырылып, ол жерде де орталық аппарат және «Өрт сөндіру және авариялық – құтқару қызметі» ММ қызметкерлері өздерін дарындарын көрсете білді. Бұл күні акті залын баурап алған Қазақстан Республикасы халқының тілдерінде орындалған әндерге әріптестеріміз бен қонақтар дән риза болды. Ол Департамент қызметкерлері, өрт сөндірушілер мен құтқарушылар бойына сергектік пен қуат күшін берді. Олардың төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою жұмысына және біздің тамаша Отанымыз - Қазақстан Республикасы халқының алдындағы конституциялық борыштарын атқаруға «екінші тыныстары» ашылды деп айтуға болады.
«Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары» ММ
Қоғаммен байланыс тобы