2023 жылғы 28 тамыздан дауылды ескерту

2023 жылғы 28 тамыздан дауылды ескерту

29 тамызда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр, облыстың батысында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, батысында, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-батысында тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, батысында екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде     екпіні 23-28 м/с.

Петропавл қ.: 29 тамызда күндіз найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с, екпіні 25 м/с.