2023 жылғы 22 тамыздан дауылды ескерту

2023 жылғы 22 тамыздан дауылды ескерту

23 тамызда Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстік-батысында тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым  бөлігінде               күші 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 23-28 м/с

23 тамызда облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Петропавл қ.: 23 тамызда найзағай күтіледі. Күндіз бұршақ, дауыл күтіледі.  Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с, екпіні 25 м/с.

23 тамызда жоғары өрт қаупі сақталады.