Петропавлда «СҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ өрт сөндіру бөлімдерінің арасында өрт құтқару спорты бойынша жарыс басталды

Петропавлда «СҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ өрт сөндіру бөлімдерінің арасында өрт құтқару спорты бойынша жарыс басталды

2023 жылдың 17 тамызында «Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінде өрт құтқару спорты бойынша ведомстволық жарыстар өтті. Салтанаты ашылу рәсімінде жарысқа қатысушылардың алдында «СҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Николай Белоусов алғыс сөзін білдірді. Ол барлық жиналған қауымды құттықтап, жарысқа қатысушыларға спортта үлкен жетістіктер мен жеңіске жетулеріне тілек білдірді. Жарысқа Солтүстік Қазақстан облысының өртке қарсы қызмет гарнизонының аудандық және қалалық бөлімшелердің 18 командасы қатысты. Жарыс бағдарламасында 100 метрлік кедергілері бар жолақтан өту, жауынгерлік қанат жою және оқу-жаттығу мұнарасының 4-қабатына шабуылдау сатысымен көтерілуі кезеңінде үзлік атанғандар Жамбыл ауданының 11 ӨСБ өкілі Руслан Шунаев, екінші нәтиже Есіл ауданының 10 ӨСБ өрт сөрдірушісі Жандос Нұрлан, үшінші нәтижені Петропавл қаласының 2 МӨСБ өрт сөндірушісі Казкен Жандос иеленді. «Жастар» стадионында өткен 100 метрлік кедергілері бар жолақты бағындыру бойынша ең жақсы уақытты №5 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі Владислав Рублев көрсетті, екінші орынды Жамбыл ауданының № 11 өрт сөндіру бөлімінің өкілі Руслан Шунаев иеленді, үшінші нәтижені Петропавл қ. 5-ӨСБ өрт сөндіруші-құтқарушысы спортшы Бахыт Мерекенов көрсетті. Жарыстың барлық қатысушыларына салтанатты түрде грамоталар және бағалы сыйлықтар табыс етілді. «СҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ Қоғаммен байланыс тобы.