Діни экстремизм мен терроризм – зманауи қазақ қоғамына төндіретін қауіпі.

Діни экстремизм мен терроризм – зманауи қазақ қоғамына төндіретін қауіпі.

Діни экстремизм мен терроризм – зманауи қазақ қоғамына төндіретін қауіпі.

Діни экстремизм мен терроризмге қарсы профилактикалық және алдын-алу жұмысы аясында Коммуналдық мемлекеттік мекеме «Әлеуметтік даму және ақпарат орталығы» конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту бөлімінің дінтанушысы Бердіғұлова Сәния Сағатқызын шақыруымен «СҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ семинар өтті.
Өрт сөндіру қызметкерлері арасында бұл шараны өткізудегі басты міндет – діни сауаттылықты арттыру және жастарды қазақы менталитетіндегі жат деструктивті идеологиялардың ықпалынан сақтандырып, оларға шеберлікпен қарсы тұру. «СҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары Сыздықов Марат Қуанышпайұлы семинарды кіріспе сөзімен бастады. Ол өз сөзінде Қазақстандағы дінге, оның ерекшеліктеріне, қоғамымыздың, мемлекетіміздің экстремистік ағымдар мен діни ағымдарға қарсы күресінің мәнін түсінуге қатысты өзекті мәселелерге тоқталды.
Одан кейін сөз конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту бөлімінің дінтанушы С.С.Бердіғұловаға берілді. Ол өз сөзінде ғаламтор мен әлеуметтік желілерде таралатын жалған ақпараттың қауіп-қатері туралы айтты. Баяндамашы көптеген жастардың экстремистік діни ағымдардың ерекшеліктерін білмеуінің салдарынан олардың зиянды әсерінен зардап шегіп жатқанын айта келе, діни тақырыптағы сенімді әдебиеттерді оқып, сенімді сайттарға кіруге кеңес берді.
Сонымен қатар, Сәния Сағатқызы осы тақырыпқа арналған Қазақстан заңнамасындағы бірнеше жаңашылдыққа кеңінен тоқталды. Семинар барысында баяндамашы қоршаған ортамыздағы діни экстремизм мен терроризм көріністерінің ахуалы, осындай заманауи сын-қатерлерге қарсы тұру шараларына қатысты өрт сөндіру қызметкерлерінің барлық сұрақтарына жауап берді.


«СҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ кадр саясаты бөлімі