
2023 жылғы 23 маусым күні СҚО Төтенше жағдайлар департаментінде Мемлекеттік қызметші күніне арналған салтанатты іс –шара өткізілді.
Бұл күні акті залына Департаменттің басқармалары мен бөлімдерінің қызметкерлері жиналды. Мемлекеттік әнұран орындалғаннан кейін жиналысқа қатысушыларға арнап Департамент бастығының міндетін уақытша атқарушы азаматтық қорғау полковнигі Дмитрий Растихин сөз сөйледі. Ол өз сөзінде мемлекеттік қызметтің қоғамдық жоғары маңыздылығы идеясын, оның егемен демократиялық Қазақстанның қалыптасуындағы ролі мен мәнін ерекше атап өтті. Ол мемлекеттік қызметтегі жұмыс – бұл алдымен ел мен әрбір қазақстандықтың, біздің жас мемлекетіміздің болашағы алдындағы жоғары жауапкершілік деді. «Адамдармен жұмыс істеу кезінде біз қолымыздан келгеннің бәрін жасап, азаматтардың мемлекеттік билікке деген сенімін нығайтып, олардың ертеңгі күнге деген сенімділігі мен қорғанысын қамтамасыз етуіміз қажет»,- деді Дмитрий Растихин. Сонымен қатар, басшы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан халықты қорғаудың маңыздылығына ерекше көңіл бөлді.
Кейін мерекелік бұйрық оқылып, Департамент қызметкерлерін ҚР ТЖМ ведомстволық наградаларымен және грамоталарымен марапаттау рәсімі өткізілді. Қызметтік міндеттерін адал атқарғаны, жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін Департаменттің қаржы және Мемлекеттік сатып алу басқармасының бас маманы Альфира Амантайқызы Жағыпарова «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққан үшін» медалімен, ал Департаменттің заң тобының бас маманы Әсел Еркебұланқызы Ибраева Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрінің грамотасымен марапатталды.
2023 жылғы 26-28 мамыр аралығында мемлекеттік қызметшілер күні аясында облыстың күш құрылымдары арасында спорттың 8 түрі бойынша жазғы спартакиада өткізілді. Департамент пен өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері шағын футбол, бильярд, үстел теннисі және жүзу спорт түрлері бойынша бірінші орынға ие болды. Тоғызқұмалақ, "Қазақ күресі" және волейбол командалардың жекпе-жегінде азаматтық қорғау қызметкерлері 2 орынды, шахматтан 3 орынды иеленді. Қыңыр күрестің нәтижесінде Департаменттің құрама командасы жалпы командалық 1 орынға ие болды. Департамент командасының өкіліне құрмет грамотасы табысталды.
Іс-шара соңында қатысушыларға мемлекеттік қызметшілер күніне арналған бейнеролик көрсетілді.
СҚО ТЖД Кадр жұмысы бөлімі