СҚО ТЖД қызметкерлері адамдарды судағы қауіпсіздіктің сақталуы және өрт қауіпсіздігі ережелері туралы ақпараттандыру жұмыстарын жалғастыруда. Бұл жолы олар М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Университетінде медицина факультетінің 2 курс шетелдік және жергілікті студенттерімен кездесу өткізді. Мақсаты: жазғы демалыс кезеңінде жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін профилактикалық дәрістер өткізу.
Теориялық бөлімде білім алушылар су айдындарында жүріс-тұрыстың негізгі ережелері туралы біліп, өрт қауіпсіздігі ережелері туралы ақпарат алды. Практикалық бөлімде құтқарушылар суға батып бара жатқан адамға алғашқы көмек көрсету және өрт сөндіргішті пайдалану техникасын көрсетті.
Психологиялық аспектілер де ескерілді. Маман дүрбелеңге түскен адаммен қалай қарым-қатынас жасау керектігін айтып кеткен болатын.
Қызметкерлер жұмыс барысында тікелей қолданылатын жабдықтар мен техникаларды ұсынды. Алаңда оқиға орнына шығатын арнайы машиналар көрсетіліп, студенттерге олардың мақсаты мен мүмкіндіктері түсіндірілді.
М.Қозыбаев атындағы СҚУ "Журналистика"
кафедрасының 3-курс студенті Наталья Халина