
Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті жыл сайын балалар мен жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, төтенше жағдай қаупі төнген және туындаған кезде жеке және ұжымдық қауіпсіздік мәселелеріне саналы және жауапты көзқарасты қалыптастыру мақсатында «Жас құтқарушы» жарысын өткізеді.
Мәселен, 2023 жылғы 6 маусымда № 3 өрт сөндіру бөлімінің аумағында Петропавл қаласында жыл сайынғы облыстық жарыстардың салтанатты ашылуы өтті, онда жас құтқарушылар «Визит карточкасы» сияқты 6 кезеңнен өтуі тиіс болатын, онда балалар өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Келесі кезең «Газет-жарнама қалқаны» болды, онда балалар төтенше жағдайлар туралы өз ойлары мен түсініктерін газет түрінде баяндады.
Ең әсерлі кезеңдердің бірі – «Өрт эстафетасы», онда бүкіл команда өздерінің физикалық қабілеттері мен команданың үйлесімділігін көрсетті. «Алғашқы көмек көрсету» кезеңінде балалар дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету бойынша өз қабілеттерін көрсетті.
«Жауынгерлік орналастыруда» қатысушылар өрт-техникалық мүкәммалды және өрт-техникалық қару-жарақтарын қалай пайдалану керектігін көрсетті. Соңғы кезең судан зардап шеккенді құтқарумен аяқталды. Барлық кезеңдерде барлық командалар арасында шиеленісті күрес болды, онда үлкен жауапкершілігі бар, спорттық толқулар мен ынта-жігері бар балалар қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінді: 3 орынды Есіл ауданының «Батыр» командасы, 2 орынды Қызылжар ауданының «Қызылжар» командасы иеленді, Тимирязев ауданының «Жалын құйыны» командасы жеңімпаз атанды. Жеңімпаз команда ағымдағы жылдың шілде айында өтетін республикалық слетке аттанады.
Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасына, Солтүстік Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына, Қызыл Жарты Ай филиалына, «Северная Роза» компаниясына, «Сұлтан кондитерлік өнімдер» АҚ компаниясына және азаматтық қорғау органдарының ардагерлер кеңесіне осы жарыстарды өткізуді ұйымдастыруда үлкен алғысын білдіреді.
ТЖД ТЖЖБ аға инженері
а/қ аға лейтенанты
Әсел Сүйіндікова