Өрттермен күресуге арналған: СҚО ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ аудандық бөлімшелеріне арнайы техника табысталды

Өрттермен күресуге арналған: СҚО ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ аудандық бөлімшелеріне арнайы техника табысталды

Жуырда Петропавлда СҚО ТЖ Департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық – құтқару жұмыстары қызметі» ММ аудандық бөлімшелеріне арнайы өрт техникасын тапсыру - айтулы оқиғасы болды. Аталған іс - шара № 3 өрт сөндіру бөлімінің шеру алаңында өтті, онда белгіленген уақытта жергілікті атқарушы органдар бөлген қаражат есебінен сатып алынған 5 жаңа Камаз-автоцистерлары тізіліп тұрды.

Департамент бөлімшелерінің жеке құрамы алдында сөз сөйлеген СҚО ТЖ департаментінің бастығы полковник Рамиль Камалов қажетті техниканы аудандық өрт сөндіру бөлімдеріне беру жеделдігін атап өтті. Өз сөзінде ол, көлік паркін жаңарту өртті сөндірудің жеделдігін арттыратынына, өрт сөндірушілердің оларды жоюдағы, азаматтардың өмірі мен мүлкін құтқарудағы жұмысының тиімділігіне оң әсер ететініне назар аударды.

Көліктердің кілттерін тапсырғаннан кейін «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ бастығы азаматтық қорғау полковнигі Нұрлан Нүкішев бөлімше басшыларын жаңа техника алуымен құттықтап, оның жеке құрамның жауынгерлік әзірлігін едәуір арттыратынына және тұрғындарды өрттер мен жанудан қорғау бойынша жұмыста жаңа табыстарға қол жеткізуге мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

«Әлемдік экономикалық тұрақсыздықтың қиын жағдайында мемлекет адамдардың өмірін жеңілдету, оларды табиғи сипаттағы қолайсыз құбылыстардан қорғау үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды. Өртке қауіпті кезеңді біз толық қаруланумен қарсы аламыз, мемлекеттің сенімін ақтаймыз, жұмыста жаңа көрсеткіштерге қол жеткіземіз», - деп ол сөзін аяқтады.  

 

Амангелді Әуесханов,

«СҚО ТЖД Өрт сөндіру және авариялық - құтқару жұмыстары қызметі» ММ ҚБТ баспасөз хатшысы