
Жылы көктемгі күндер келісімен қала көшелерінде қар, ал су айдындарында мұз белсенді еруде. Жайылма су, мұз қабыршағының астына өтіп, оттегін әкеле отыра, су асты мекендеушілері белсенді болады. Осыған орай, «соңғы мұз» атты балық түсімі көп болатын кезеңді өткізіп алмау үшін, су айдындарына ұмтылған балықшылар да ұмтылады. Көктемгі күн шуағының астында, таза ауада бір балықтан соң бірін аулау керемет емес пе?!
Бірақ та су айдынында қызметте жүрген құтқарушылар үшін «соңғы мұз» көптеген қауіп төндіретіндіктен, сақтықты туғызады. Балық аулау қайғы-қасіретке айналмау үшін қауіп-қатер жайлы балықшылар да ұмытпау қажет.
Біріншіден, көктемгі мұздің қауіпі оның инелі құрылымында. Бұндай жағдай мұздың еруі үстінен де астынан да болатынынан. Мұз күн шуағы, жаңбыр, тұман, сонымен қатар, мұздың тұтас құрылымын бұзатын жайылма судың әсерінен тік тұратын кристаллдар пайда болады. Нәтижесінде, мұз жамылғысы борпылдақ болып, суға толып, қалыңдығы біраз болса да жүкті көтере алмайды. Көктемгі мұз шытырлап, қауіп-қатер жайлы ескертпей, опырыла сынатынын есте сақтау қажет.
Екіншіден, аса қауіпті орындар болып ағыс, бұтақтар, шөптер шығып тұрған, су айдынына бұлақ немесе жылы ағын сулар құйылатын орындар саналады. Шұқырлар мен жылымдарға мүлдем жақындауға болмайды.
Алкогольді ішімдіктен мүлде бас тартыңыз, бұл жағдайда адамның реакциясы бұзылып, қауіптілік сезімі жоғалады, адам қоршаған ортадағы жағдайды дұрыс қабылдамай, қайғы-қасіретке ұшырауы мүмкін.
Су айдынына дем алсықа шығар алдында, жақындарыңызды ескертуді ұмытпаңыз, құтқару қызметінің телефон нөмірін біле жүріңіз.
Құрметті балықшылар, сіздің сүйікті ісіңіз тек қуаныш әкелсін десеңіз, саналы әрекетке ғана барыңыз!
Жедел-құтқару жасағы басшысының
орынбасары-құтқарушы Марат Әбжанов