Петропавлдағы Наурыз мейрамы: жомарт мереке – ырыздықты және қауіпсіз жыл

Петропавлдағы Наурыз мейрамы: жомарт  мереке – ырыздықты және қауіпсіз жыл

      Көктем мерекесі Наурыз мейрамы ғасырлар бойы  табиғат пен адам жанының жаңаруының символы болды, адамның отбасылық өміріне, жақсылығы мен қуанышына деген барлық көзқарастарына әсер етті. Бірақ қазіргі жағдайда ол біздің Отанымыздағы  халықтар достығының мерекесіне, Президент  белгілеген "Жаңа әділ Қазақстан" тұжырымдамасында алдымызға қойған мақсаттарға ұмтылудың объектісіне айналды.

         Наурыз мерекесін  тойлау дәстүрі СҚО ТЖ департаменті үшін  өзіндік "брендке" айналды. Таңертеңнен бастап негізгі мереке қарсаңында Петропавл қаласының № 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде көтеріңкі көңіл-күй  сыйлайтын   музыка ойнауда. Мерекелік безендіру мен бағдарламаны толтырудың негізгі элементтерінің бірі - киіз үй орнатылды,  жақын жерден иісі мұрынды жаратын  қазақтың ұлттық тағамдары дайындалып, мереке қонақтарына дәмді палау дайындалды. Мерекенің сәнін келтіретін ол жарыстар мен байқаулар. Әзіл мен  күлкі барлық жерде естіледі. Мұндай мейрам Наурызға келген ересектер мен балалар арасында үлкен қызығушылық тудырады. Командалар арасындағы "Жылылық жылу", "Қаппен жүгіру", "Бөренедегі жекпе-жек", Салмақ көтеру, «Арқан тарту» сияқты күшті спорт түрлеріндегі жарыстар ешкімді бей-жай қалдырмады.

         Мерекенің ашылу салтанаты  СҚО ТЖ департаментінің бастығы полковник  Рамиль Камаловтың сөзінен басталды. Ол ҚР ТЖМ аумақтық органының қызметкерлері мен отбасы мүшелерін, ардагерлер мен шақырылған қонақтарды Наурыз мерекесімен  шын жүректен құттықтап, оларға бақыт, денсаулық және отбасылық жылулық, игі істерге сәттілік тіледі. Сондай-ақ Рамиль Фатқұлұлы: "Наурыз-біздің сеніміміз бен күшімдің мерекесі. Біз ТЖ Департаменті еңбегіміздің, берілген біліміміз бен күш-жігеріміздің арқасында Отанымыздың өркендеуіне айтулы үлес қосатынымызға  сенімдімін", - деді.

         Содан соң сахнада концерттік бағдарлама басталды. Өрт сөндіру қызметі мен департамент аппаратының қызметкерлері өздерінің өнерлерімен әріптестерін қуантты".

         Мерекенің ең жағымды сәті ұлттық тағамдардың тұсаукесері болды. Бұл жерде бөлімнің нәзік жандыларының   аспаздық қабілеттері толық көрінді.  Бешбармақ, коспа, бауырсақ, наурыз көже, бүйрек сияқты ұлттық тағамдардан дәм татқан  қазылар алқасына жеңімпаз таңдау оңай болған жоқ. Іс-шара "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" ММ бастығы азаматтық қорғау полковнигі Нұрлан Нүкішевтің байқау жеңімпаздарына марапаттау қағаздары мен естелік сыйлықтарын тапсыруымен аяқталды.

         Өткізілген іс-шара Департамент қызметкерлерінің жүрегінде жақсылық жылуының ізін қалдыра отырып, елімізде қауіпсіздікті,тұрғындарды апаттардан, авариялар мен дүлей зілзалалардан қорғауды қамтамасыз етудегі ортақ мақсатта ауызбіршілік пен өзара көмек рухындағы ниеттерін нығайта түсті.

 

 «Өрт сөндіру және авариялық-
құтқару қызметі» ММ
пресс-секретарі                                                              Амангелді  Әуесханов