
2023 жылғы 8 наурыз түнгі сағат 02.52-де Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның орталық ауруханасына Новоишимское селосындағы аудан орталығының көппәтерлі тұрғын үйіндегі жалдамалы пәтерде тұратын әйел, 1976 жылы туған және 1977 жылы туған ер адам орташа ауырлықтағы көміртегі тотығымен улану белгілерімен түсті. Олар ауруханаға жатқызылып, қажетті ем алды. Қазір олардың өміріне еқандай қауіп жоқ, жазылып үйлеріне шығарылған.
Пәтерді тексеру кезінде жылыту пешінің мұржасы күйеге толы екендігі анықталды, нәтижесінде тартпаған соң көміртегі тотығы бөлмеге шыққан. Сондай-ақ, пеш пен мұржада жарықтар болған.
Осы факті бойынша тұрғын үй иесі айыппұл санкцияларын көздейтін ҚР ӘҚБтК-нің 410-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Осы үйдің тұрғындарымен өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша профилактикалық жұмысты азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері 2023 жылғы ақпанда аулаларды аралау барысында жүргізген.
2022 жылы СҚО елді мекендерінде көміртегі тотығымен улануды 28 адам алды, ағымдағы жылдың басынан бері - 22 адам және 1 адам қаза тапты.
Уланудың және адам өлімінің алдын алу мақсатында СҚО ТЖ Департаменті тұрғындарға үйлерінің, пәтерлерінің өртке қарсы жай-күйін тексеруді, пешті жылытуға және электр сымдары мен электр аспаптарының жарамдылығына ерекше назар аударуды ұсынады. Егер қандай да бір кемшіліктер табылса, оларды дереу жою қажет.
Пешті жылыту кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларының талаптарына сәйкес РҰҚСАТ ЕТІЛМЕЙДІ:
1) жанып жатқан пештерді қараусыз қалдыруға, сондай-ақ оларды балаларға қадағалауды тапсыруға;
2) жағуға дайындалған отынды, сондай-ақ басқа да жанғыш заттар мен материалдарды жағу алдындағы параққа орналастыруға;
3) қатты отынмен пештерді жағу үшін тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды қолдануға;
4) пештің нақты түрі үшін қолданылуы көзделмеген өзге де отын түрлерімен пешті қыздыруға;
5) үй-жайларда жиналыстар және басқа да бұқаралық іс-шаралар өткізу кезінде пештерді жағуға;
6) пештерді қыздыру;
7) жанғыш заттар мен материалдарды пеш пен түтін мұржаларының бетінен 0,5 м кем қашықтықта кептіруге;
8) саңылауларды жобалау нормаларында көзделмеген қақпаларды (ысырмаларды) пайдалануға;
9) желдету және газ арналарын түтін мұржалары ретінде пайдалануға, тұрғын үй-жайлар арқылы транзиттік түтін мұржаларын төсеу.
Егер өрт орын алса, дереу 101 немесе 112 телефонына қоңырау шалыңыз.
СҚО ТЖД қоғаммен байланыс тобы