Бүкіл әлемдік Азаматтық қорғаныс күніне арналады: өрт сөндіруші-құтқарушының жұмысы туралы

Бүкіл әлемдік Азаматтық қорғаныс күніне арналады: өрт сөндіруші-құтқарушының жұмысы туралы

Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күнін атап өту аясында, ақпан айының соңғы күні СҚО ТЖ Департаментінің құрылымдық бөлімшелері және ведомстволық мекемелерінің қызметкерлері ашық аспан астында әсерлі мереке өткізді. Облыс орталығының «Достық» алаңында таңертең Департаменттің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ, «Жедел-құтқару жасағы» ММ және «СҚО бойынша апаттар медицинасы орталығы» ММФ өрт сөндіру және арнайы техникасы қатар-қатар тізіліп сап құрды. Петропавлдың өрт сөндірушілері келген қонақтарға сергітетін және сырлы әуендермен жауынгерлердің күнделікті жұмыстары және батыл әрекеттері, өрт сөндіру техникасының және жабдықтарының мүмкіншіліктері, облыстағы өрт сөндіру ісінің тарихы туралы айтып берді және маңызы зор мамандық туралы көптеген сұрақтарға жауап берді.

Балаларға әсіресе мыналар қызық болды: ниет білдіргендердің әр қайсысы жауынгерлік киімдерді киіп көрді, «нағыз» өрт сөндіретін машинаның ішінде отырып көрді, тіпті, шуақжай аспанға автокөтергішпен де көтеріліп көрді. Оқушылар көрмеге қойылған қызметтің мұражайында тұратын экспонаттарына, стендтерге қызығушылық танытты және ТЖ жою және өрттерді сөндірген кезде офицерлер мен қатардағы жауынгерлердің ерліктері туралы сүйсіне тыңдады. Балалармен конкурстар өткізілді, болашақ түлектермен ҚР ІІМ ТЖ Комитетінің Көкшетау техникалық институтына оқуға түсу бойынша кәсіптік бағдар беретін жұмыстар жүргізілді. Сонымен қатар түсінікті және қызықты түрде қарапайым өрт қауіпсіздігінің ережелері, өрт туындаған кезде жасалатын әрекеттер туралы ақпарат берілді.  

Қонақтарға жанып тұрған «лабиринттен» ойдағыдай өткен және көбіктің көмегімен жанып жатқан үлкен ошақты сөндірген өрт сөндірушілердің кәсіби жұмысы есте қаларлықтай болды. Автомобильдегі өртті сөндіру және жүргізушіні құтқару мерекенің шарықтау шегі болды, қызметтің жауынгерлері өртті сөндіріп қана қоймай, санаулы минуттардың ішінде машинаны кесіп, зардап шеккенді алып шықты және АМО медицина қызметкеріне тапсырды.

Бұл күні көргендерін жас қалалықтар көпке дейін ұмыта алмайтын болды. Бәлкім олардың ішінде болашақ өртсөндіруші немесе құтқарушы болатындары да бар шығар. Бұл адамдарға нағыз керек ауыр және құрметті мамандық болар еді.

«Отан қорау мақсатында төтенше жадайлардың алдын алу, қолға қару ұстау, адамдарды құтқаруға дайындық болып саналады. Ал бұған міндетті түрде  білімділік, дененің шымыр болуымен қатар рухани дайындық керек. Қазақстан Республикасының президенті өзінің «2050 Стратегиясында» «Жалпықоғамдық Еңбек Концепсиясында»  өсіп келе жатқан ұрпақты жаңа қазақстандың патриотизмге тәрбиелеу керектігін айтқан болатын»,- деп СҚО ТЖД Азматтық қорғаныс басқармасы бастығының орынбасары Арслан Құсайынов өткізілген іс-шараның мақсатына түсініктеме берді.

 

 

ҚР ІІМ ТЖК СҚО ТЖ Департаменті

мемлекеттік тіл және ақпарат тобының бас маманы Евгений Журавлев,

ҚР ІІМ ТЖК СҚО ТЖ Департаменті