ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің ықтимал төтенше жағдайлардың салдарын жоюға дайындығы мен қабілеттілігін арттыру мақсатында 2023 жылғы 2-3 наурыз аралығында «2023 жылғы су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау» тақырыбында  «Көктем 2023» республикалық командалық-штабтық жаттығуы өткізіледі.

Жаттығу басшылығының штабы Қарағанды қаласында орналастырылады.

         Жаттығудың жетекшісі Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі генерал-майор Марат Мұхаметқалиұлы Күлдіков болып табылады.

Солтүстік Қазақстан облысында жаттығу жетекшісі - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Сатжан Әйтенұлы Аблалиев,  жаттығу басшысының орынбасары  - ТЖ департаментінің бастығы полковник Рамиль Фаткулович Камалов болып табылады.

         Облыс аумағында оқуға тартылады:

- Басқару органдары:

 - жергілікті атқарушы органдар, СҚО Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиялар.

- Бөлімшелер:

- Солтүстік Қазақстан облысы ТЖ департаменті; «СҚО бойынша апаттар медицинасы орталығы» мемлекеттік мекемесі, «СҚО ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі,;

- Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті;

- авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары, облыстық және аудандық азаматтық қорғау қызметтері, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан академиясы, ҚР Ұлттық Ұланының 6637 әскери бөлімі;

Жаттығу нәтижелері бойынша көктемгі кезең жағдайында ықтимал ТЖ салдарын жоюға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің дайындығы бағаланады, сондай-ақ елді мекендерді, тіршілікті қамтамасыз ету объектілері мен аумақтарды су басу немесе су тасқыны жағдайында жергілікті атқарушы органдардың бағынысты күштерге басшылық жасауға дайындығы бағаланады.    

              СҚО ТЖ департаментінің

              Қоғаммен байланыс тобы

              т. 8 (7152) 551096