
Петропавлда Солтүстік Қазақстан облысының аумағында су тасқыны туындаған кезде жедел ден қоюға арналған СҚО ТЖД тобының күштері мен құралдарын байқау өтті. Аталған іс-шараны өткізу барысында ТЖ департаментінің бастығы полковник Рамиль Камалов «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ бастығы азаматтық қорғау полковнигі Нұрлан Нүкішевпен және құрылымдық бөлімшелердің өкілдерімен командирлермен және мамандармен жеке танысып, олардың мақсаты бойынша іс-қимылдарға дайындығы туралы баяндамалар қабылдады. Рамиль Фаткуллович техниканың, жабдықтардың толықтығы мен жарамдылығына, оның параметрлерінің қойылған мақсаттарға сәйкестігіне назар аударды.
«Облыста су тасқыны қаупіне жедел ден қою үшін Департаменттің күштері мен құралдарының топтамасы құрылды, оның құрамына өрт сөндіру бөлімдері мен жедел-құтқару жасағының қызметкерлері кірді. Барлығы 8 негізгі топ құрылды, олар алдын ала облыс аудандарындағы аса қауіпті учаскелерге бағытталатын болады. Олардың құрамында арнайы техника, дайындалған жеке құрам қарастырылған. Әрбір топта қаружарақта жүзу құралдары, су айдау техникасы, қажетті шанышқы құралы бар. Жеке құрам комбинезон және құтқару кеудешелері түрінде қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілген», - деп түсіндірді СҚО ТЖД басшы құрамының өкілі.
Сондай-ақ, ол өзара іс-қимыл шеңберінде Ұлттық ұланның және полиция департаменті бөлімшелерінің әскери қызметшілерін су тасқынына қарсы іс-шараларға тарту көзделгенін атап өтті, оған СҚО ТЖД күштерімен бірге 475 жеке құрам мен 35 техника кіреді.
Рамиль Фаткуллович бұл топтардың көктемгі кезеңдегі қауіптердің алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларды, облыстың су айдындарына мониторингті жүзеге асыратынын түсіндірді. Қажет болған жағдайда олар мұз кептелістерін жою, эвакуациялық іс-шаралар, су айдау жұмыстарын жүргізеді.
Сондай-ақ, Департамент бастығы еріген сулардың кедергісіз өтуін қамтамасыз ету және тұрғын үйлер мен аула құрылыстарын су басудың алдын алу үшін облыстың елді мекендерінің жеке сектор тұрғындарының өз және іргелес аумақтарын, нөсер су мен жыраларды тазарту қажеттігін атап өтті.
СҚО ТЖ департаментінің ТЖ
жою бөлімінің бас маманы
азаматтық қорғау подполковнигі Әсет Шайкин