ТЖ Департаментінде өрт және улы газдан улануды алдын алу бойынша брифинг өткізілді

ТЖ Департаментінде өрт және улы газдан улануды алдын алу бойынша брифинг өткізілді

 

        

Осы  күндері  СҚО ТЖ департаментінде брифинг өтті, онда спикерлер СҚО-да және Есіл ауданы мен Петропавл қаласының аумақтарында өрттермен жедел жағдайдың жай-күйі туралы айтып, жылу беру кезеңіндегі өрт қауіпсіздігі ережелерін тұрғындардың назарына жеткізді.

         «2023 жылдың басынан бері өңірде барлығы 62 өрт болды, өртте 8 адам қаза тауып, үшеуі жарақат алды. Өрт шықпай-ақ көміртегі тотығымен уланудан 18 адам жарақат алып, 1 адам қаза тапты. ТЖ қызметкерлері тұрақты негізде тұрғын үй секторларын аралайды, онда өрт қауіпсіздігін бұзудың ең көп жағдайлары тіркелген», - деді СҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Аслан Ахметжанов. Ол өрт қауіпсіздігі айлығы басталғаннан бері (14 қаңтардан бастап) Департамент қызметкерлері 17462 тұрғын үйді аралап, 46 мыңнан астам адамды қамтып, 28 мыңнан астам жадынама таратылғанын атап өтті. Алкогольді ішімдіктерді асыра пайдаланатын адамдардың тұрғылықты жерлері бойынша полиция қызметкерлерімен бірлесіп рейдтер жүргізілді, олардың барысында 1969 адамды қамти отырып, 963 тұрғын үйге барылды.

         Сондай-ақ, спикер тәулік пен түннің кез келген уақытында иелеріне қауіп туралы сигнал беретін датчиктерді орнатуға назар аударды.

         «Жылыту кезеңінде халықтың әлеуметтік осал топтарының үйлерінде 1255 датчик орнатылды (1127-көміртегі тотығы, түтін-128), болашақта 248 датчик орнату жоспарлануда (200-көміртегі тотығы, түтін-48). Датчиктердің сәтті іске қосылуы тұрғын үй секторында адам өлімінің алдын алудың оң тәжірибесін көрсетеді және адам өмірін сақтап қалады. Мәселен, ағымдағы жылдың 31 қаңтарында Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Чистополье селосында тұрғын үйде өрт болды. 1950 жылы туған үйдің иесі өрт шыққан кезде жатын бөлмесінде ұйықтап жатып, өрт детекторының (түтін датчигі) дыбысынан оянған, содан кейін ол үйден өздігінен шыға бастаған сәтте Чистополье селосының № 20 өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері  таза ауаға эвакуацияланған. Бұл үйде датчик құрылғысы  жылу кезеңі басталар алдында өрт қауіпсіздігі айлығы кезеңінде 2022 жылдың 10 қыркүйегінде орнатылды», - деп атап өтті Аслан Жасұланұлы.

         Содан кейін сөз сөйлегендер Петропавл қ. ТЖ басқармасының бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Назымбек Елемесов пен Есіл ауданының ТЖ бөлімінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Жұлдыз Есенғазин аумақтардағы өрттермен жедел жағдайды атап өтіп, өрттер мен оларда қаза тапқан адамдар санының артуына назар аударып, өрттердің көпшілігінің себебі адами фактор екенін атап өтті.

          «Өңірдегі өрт жағдайын жақсарту үшін  тұрғындардың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесіне жауапкершілікпен қарау керек. Біздің азаматтарға тұрмыста, өндірісте өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтауды есте ұстауы қажет», - деді Назымбек Келденбайұлы брифинг соңында.

        

СҚО ТЖД Қоғаммен байланыс тобының

бас маманы  Евгений Журавлев