СҚО-ғы Өрт қауіпсіздігі айлығы: Есіл ауданында өрттерді алдын-алу іс-шаралары өткізілді

СҚО-ғы Өрт қауіпсіздігі айлығы: Есіл ауданында өрттерді алдын-алу іс-шаралары өткізілді

Тұрмыстық өрттердің алдын алу - азаматтық қорғау органдарының негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Есіл ауданының Төтенше жағдайлар мен өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері өрт қауіпсіздігі айлығы аясында аудан орталығы Явленка ауылында өрттерді алдын-алу бойынша масштабты іс-шаралар өткізді. Аталған іс-шараға полиция қызметкерлері, жергілікті атқарушы орган мен белсенділер және де «Аманат» партиясының мүшелері қатысты.

         Іс-шараға қатысушылардың саптық тізілуі барсында: – Жылу беру кезеңінде Есіл ауданындағы тұрғын үй секторында 11 өрт оқиғасы тіркелді. Өрттердің салдарынан 3 адам қаза тапты. Адамдардың өмірін сақтап қалу мен өрттерді болдырмау үшін біз алдын-алу жұмыстарын көбейтіп жатырмыз – деп айтты Есіл ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Жұлдыз Есенғазин.

         Қауіпсіздік шаралары туралы қысқаша нұсқаудан кейін өрт сөндіру қызметі, ішкі істер бөлімі, жастар ресурстық орталығының еріктілері мен «Аманат» партиясының мүшелерінен құралған бірлескен топтар өрттің алдын алу мақсатында профилактикалық жұмыстар жүргізуге кірісті. Ең алдымен, «Алтын Есіл» супермаркетінің маңында азаматтар көп жиналатын орындарда тұрғындарға өрт қауіпсіздігі туралы жаднамалар мен брошюралар таратылды, және де көліктегі өрттің алдын алу туралы алдын алу жұмысынан көлік иелері де назардан тыс қалмады.

         – «Аманат» партиясы тұрғын үй секторындағы өрттердің алдын алуға белсенді атсалысады. Партия мүшелері төтенше жағдайлар қызметкерлерімен бірлесе отырып, тұрақты түрде тұрғындармен жиындар өткізеді, тұрғын үй секторында рейдттер өткізеді, онда өрт қауіпсіздігінің негізгі ережелері түсіндіріледі. Бұл бірлескен жұмысты алдағы уақытта да жалғастырамыз – деп айтты «Аманат» партиясының мүшесі Александр Поневин сұхбат беру барысында. Өрттің алдын алуда балалардың отпен ойнауынада баса назар аударылады. Аудан орталығының №1 орта мектептің акт залында құтқарушылар оқушыларға бейнероликтер көрсете отырып өрт қауіпсіздігі бойынша ашық сабақ өткізді.          Құтқарушылар жылыту пеші мен электр сымдарының жай-күйін визуалды тексере отырып, үй-үйді аралау кезінде өрттің алдын алуда басты бағытты ұстанады, өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу фактілері анықталған жағдайда, бұзушылықтарды мүмкіндігінше тезірек жоюды ұсынады. Людмила Николаевнаның үйінде құтқарушылар пештің алдындағы металл парағын орнатты, сонымен қатар тұрғын үйді өрт немесе өрт болған жағдайда үй тұрғындарына қатты дыбыспен хабарлайтын автономды түтін датчигімен жабдықтады. Зейнеткер жасап жатқан көмек үшін шын жүректен алғысын айтты. Ес улы газынан уланыды алдын-алу жұмыстарына азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері аса назар аударуда. Жуырда ғана Явленка ауылында отағасы түнде жылыту пешінің мұржасын мерзімінен бұрын жауып, соның салдарынан бүкіл отбасы естен уланып, аудандық ауруханаға жатқызылды. Құтқарушылар жай ғана сөздермен шектелген жоқ - улы газдың қаупін болдырмау үшін құтқарушылар тұрғын үй секторын аралау кезінде үй иелерінің рұқсатымен пештің мұржасын жабатын металл парақтың бойында бұрғымен тесіктер жасап жатыр. Бұл пештің мұржасын мерзімінен бұрын жабу кезінде қауіпті газдың мұржа бойымен шығып кетуіне үлесін қосады. 

         Өткен жылы Есіл ауданы әкімдігімен сатып алынған заманауи дыбыстық құлақтандыру қондырғылар жүйелері арқылы тұрғындарды өрт қауіпсіздігі ережелері туралы хабардар ету профилактикалық жұмыстардың аяқталуы болды. Бұл заманауи ақпараттандыру құрылғылары өрттердің алдын алу жұмыстарымен аудан орталығының тұрғындарын толық қамтуға мүмкіндік береді.

 

         СҚО ТЖ департаментінің қоғаммен

         байланыс тобының бас маманы                             Евгений Журавлев