Петропавлда 1 қаңтарда өртте ер адамды құтқарған 19 жасар қыз медальмен марапатталды

Петропавлда  1 қаңтарда өртте ер адамды  құтқарған 19 жасар қыз медальмен марапатталды

2023 жылғы 12 қаңтарда СҚО ТЖ Департаментінде 2023 жылдың бірінші күні өртте ер адамды құтқарған петропавловдық Мария Симонованы «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» («За отвагу на пожаре») медалімен марапатталуына арналған салтанатты іс - шара өтті.

Залға қатысып отырған департамент қызметкерлеріне, азаматтық қорғау органдарының ардагерлеріне және БАҚ өкілдеріне  бастықтың уақытша міндетін атқарушы, азаматтық қорғау полковнигі Дмитрий Растихин жүгінді.  Ол бұл оқиғаның маңыздылығын атап өтіп, жастарды қазақстандық қоғамның үздік дәстүрлеріне – жауаптылыққа, жанашырлыққа, қиын сәтте көршісіне көмектесуге деген ұмтылысқа тәрбиелеудегі маңыздылығын атап өтті. Дмитрий Иванович бір ай бұрын Марияның жерлесі, 2022 жылы 22 қарашада болған өртте 71 жастағы ер адамның өмірін сақтап қалған кәсіпқой боксшы Евгений Павлов осындай жағдайда медальмен марапатталғанына назар аударды.

«Мария да, Евгений де әр жылдары № 42 орта мектепті бітірген, оларды азаматтық құтқарушылардың «кадрлар ұстасы» деп атауға болады. Менің ойымша, Мария бәрімізге азаматтық батылдықтың үлгісін көрсетті, біреудің қайғысына бей-жай қарамай, смартфон камерасына болған оқиғаны түсіріп, өрт орнынан кетіп қалмай, түтінмен жабылған үйге батыл кіріп, адамды құтқарды. Осы үшін Сізге, Мария Сергеевна Қазақстанның құтқарушылары мен өрт сөндірушілерінің атынан, көп  рахмет! Мен, Сізді осындай маңызды марапатпен – «Өртте көрсеткен қайсарлығы  үшін!» медалімен марапаттау құрметіне ие болғаныма мақтан тұтамын».

Содан кейін сөз сөйлеген азаматтық қорғау органдарының ардагері Ерік Әлімжанұлы Мәжитов пен СҚО ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Марат Сыздықов Марияға төтенше жағдайда көрсеткен батылдығы үшін шын жүректен алғыс айтып, еңбегінде табыс және барлық игіліктерін тіледі.

Өз кезегінде Мария Қазақстан Республикасы ТЖМ, Департамент басшылығына награда үшін алғысын білдіріп, болашақта осындай жағдайда да осылай жасайтынын атап өтті.

«Адамдардың өміріне қауіп төніп тұрды! Мен басқаша әрекет ете алмадым!»,- деп өзінің іс-әрекеті туралы қарапайым пікір білдірді.

Анықтама:

«2023 жылдың 1 қаңтарында кешке Мария Сергеевна Симонова К.Цеткин көшесі, 90 «А» мекенжайы бойынша Петропавл қаласының Рабочий кентінде болған өрттің куәсі болған. Қалың түтінді көріп, ол өрт орнына бірінші болып жүгірген. Үйдің есігін ашқан қыз төрт аяғымен жорғалап шығуға қарай беттеген  адамды көрген. Мария оған түтінді үйден шығуға көмектесіп,  кейін  дереу өрт сөндірушілерді шақырған. 32 жастағы ер адам бас қолының шамалы күйіктерін алғанымен, ауруханаға жатқызудың қажеті болмаған. Мария Сергеевна ата-анасымен бірге сол көшеде өрт болған жерге жақын жерде тұрады. Қалалық техникалық колледжінің 4 курс студенті, техник-механик мамандығы бойынша оқиды. Спортпен шұғылданады, еріктілер акцияларына бірнеше рет қатысқан. Мектепті бітіргеннен кейін ол кәсіби-педагогикалық колледжге «құтқарушы» мамандығына түсуді жоспарлаған, бірақ денсаулығына байланысты жолы болмаған.

СҚО ТЖ департаментінің қоғаммен байланыс тобының 

бас маманы Евгений Журавлев