Қыстағы қауіптер

Қыстағы қауіптер

 

Біздің көбіміз жайлы да жылы бөлмелерде өмір сүріп, жұмыс істеуге үйреніп қалғанбыз, ал аз уақыт суыққа шықсақ, әрісі ЖРА-ны «жұқтырып» алуға қорқамыз. Солтүстік аймақтың қытымыр қысының қатал ауа райынан сақтану төсек үстінде жылы көрпенің астында жатып немесе креслода ыстық шай, я болмаса кофе ішіп отырып, романтикалық жастағы Джек Лондонның суық полярлы өлкеде тұратын халықтардың өмірі мен тұрмысы жайлы әңгімелерін оқу мен теледидар бағдарламаларын көрумен шектеледі. Жылдың осы мезгілінің бар қаупін үйден алыс, қар басқан жолда қалған жағдайда ғана түсінесің. Бір өкініштісі, үсіген адамдардың көпшілігі өз үйлерінен таяқ тастам жерден табылуы жиі болады. Бірақ келесі драмалық фактілер дерегін талдау осы жұмбаққа түсіндірме береді: ауыл мен қалалардың қар басқан көшелерінен аурухана палаталарына жеткізілгендердің көпшілігі мас күйде болған. Әрине, оқиғалардың көпшілігінде зардап шеккендер өздері кінәлі болғанымен, ол айналсындағылардың бей-жай қалмауын да қажет етеді.

Өйткені төтенше жағдайдың алдын алып, қиын жағдайда көмекке келу - әркімнің борышы! Былайша айтқанда – үскірік аяздан бұрын, адамдардың енжарлығы қайғыға бұрын жеткізері хақ...

                 Әйтседе, барлық кездейсоқтықтың алдын алу мүмкін емес. Десекте олар адамды өмір мен өлімнің шегіне әкеліп соқтыруы әбден мүмін. Сондықтан әркім жылдың суық кезеңінде талай жолаушыны қатерден құтқарған қарапайым қауіпсіздік ережелерін білгені жөн. Сапарға шықпас бұрын үстімізге киетін киім-кешектің жылы болуына мұқият көңіл бөліңіз. Бұл бірінші кезекте киімнің тігілген матасына байланысты болады. Шағын кеуекті матадан тігілген киім жылы болады. Мата талшықтары арасында ауа көпіршіктері бір-біріне неғұрлым жақын орналасса, ол соғұрлым жылуды ұстап, суықты жібермейді. Жүн (жалпы көлемнің 92 % дейін) және зығырдан (50 % дейін) жасалған тоқымаларда бос ауа кеңестіктері көп. Арнайы зерттеулер  әртүлі маталардан (4-5 қабат) жасалған көпқабатты киімдер жылуды жақсы ұстайтынын көрсетті. Мысалы, мақтадан тігілген костюм, бірнеше шұлық, күртелер (олардың арасындағы ауа кеңістігі өте жақсы оқшаулағыш), синтетикалық комбинизон мен костюмдер. Соңғылары жел мен қарлы-жаңбырдан қорғап, жылуды сақтауға көмектеседі.

                 Бұл жерде импортталған пуховиктер мен жылытылған курткаларға қоса, жерлестеріміздің бірнеше ұрпағы киіп келе жатқан тондары туралы айтып кетпей болмас. Сән сәнімен, бірақ қара суық жел мен сібір аяздарынан қорғайтын бұдан артық киімді  әлі ешкім тапқан жоқ.

                Аяқкиім де өте маңызды орын алады. Суықтан зардап шеккендердің 9/10 аяқтары  үсігенін айтса артық болмас. Сондықтан да пималар мен теріден тігілген аяқкиімді таңдап киген дұрыс болады. Аяқкиім тар болмаса, жүннен тоқылған шұлықтарды кию керек. Ештеңе болмаған жағдайда бірнеше қабат газетті аяққа орап, шұлық ретінде киген жөн. Бұл мақсатта полиэтилен пакеттерін шұлық арасына киюге  болады. Бұл ретте бәрімізге таныс шылғауды да аяққа орап алса, көмегі зор. Оған арналған матаның аяқты қажамауы үшін тегіс, тігіссіз болғаны дұрыс. Шұлық үстіне шылғау орап алса, аяқты үсуден сақтайды. Шылғаулардың жалпа көлемі ені-45см, ұзындығы 49 см. Аяқты жылы ұстау үшін қандай аяқкиімді қолдансаңыз да,ол құрғақ, әрі кең болуы керек. Аяқтың жылуын қамтамасыз ету үшін нені қолданбасаңызда, олар суланып қалса, бар талпынысыңыз зая кетеді!

      Қолды аяздан қорғау үшін жүн немесе тері қолқаптарын киіп, оның үстіне матадан тігілгенімен қабаттаса дұрыс болады.

      Адам беті денесіндегі аяздың қатты әсер ететін ашық жері болып қала бермек. Бірақ бұл да проблема емес. Полярлықтар алғашқы ғылыми-зерттеу станциялары ашылғаннан бері беттерін үскірік аяздардан қорғау үшін жүннен тоқылған маскалар киген. Сырт келбетіңізге нұқсан келе ме? Бұл жерде өзіңіздің эстетикалық пайымдарыңызды жылы бөлмеге жеткенше шегере тұрғаныңыз абзал. Айналадағылардың пікірінен сіздің өміріңіз бен денсаулығыңыз қымбат.

              Алайда біздің өңірде жиі болып тұратын қатты аяздар мен суық желдерден ең жылы деген киімдеріңіз де сақтай алмайды. Келесі цифрларды көрсетіп кетсе де артық болмас. Ауа температурсының -3 градусы  мен желдің екпіні секундына 10 - 11 метр болса, адам ағзасына суықтың әсер етуі -20 градус көрсеткішін көрсетеді.    

             Осы өлшемдердің өсуі сәйкесінше жылу жағдайының нашарлауына әкеп соқтырады.  

   Бұл жағдайда басынан аяғына дейін оранып алған адамды суықтан қорғау мүмкін емес. Осындай жағдайларда белсенді қозғалу қажет, ал ауыр, әрі ыңғайсыз киім бұл әрекеттерді шектейді. Қайғылы тәжірибе адамның аяқтары, қолдары мен мойны тез тоңатынын көрсетіп отыр. Аяқты ерсіл – қарсыл жүріп жылытуға болады. Қолды алға-артқа серпіп, киім астына (ішке, екі аяқ отрасына) тығып жылытады. Есіңізде болсын, үсік шалу белгісіз жағдайда, ешбір келеңсіздікті білдірмей орын алады.

     Сондықтан қатты аяз болған кезде жаныңыздағы адамдардың жағдайына көңіл бөліңіз, өйткені құлақтың, мұрынның беттің  ағаруы үсігендіктің белгісі.

              Егер беттің үсігенін сезсеңіз, қан жүргізу үшін бірнеше қадам еңкейіп жүру, немесе 10-20 рет еңкейетін қимыл жасау керек. Ең дұрысы қан айналымын қалпына келтіру үшін жұмсақ матамен беттің үсік шала бастаған жерін уқалау қажет.

  Жоғарыда келтірілген ұсынымдар оларды сақтаған кезде аяздың жарақаттарынан қорғанып, үйіңізге аман-есен оралуға көмек берері сөзсіз. Алайда, ең дұрысы -осынау қаупі зор жыл мезгілінде қатерлі сапарларға шығудан бас тартқан жөн болады. Ойланыңыз – сіздің өміріңіз біреу-ақ...

 

СҚО ТЖД ТЖАА бөлімі бас маманы

Ернар Рүстем