Өз орнында кәсіби маман

Өз орнында кәсіби маман

- Өрт сөндіруші болуды қалай шешкеніңізді айтыңызшы?

-Бастапқыда 2009 жылы құрылымға (ол кезде әлі ҚР ТЖМ) келдім. Оқушы кезімнен адамдарға көмектесіп, иығыма погон киіп, офицер болғым келді. Мен бұл мамандықтан барлық армандарымды бір жерден таптым. 2013 жылы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкшетау техникалық институтында жоғары кәсіби білім алды. Оны бітіргеннен кейін қарауыл бастығы болып тағайындалып, тәжірибе жинақтауды жалғастырып, бөлім бастығының орынбасары қызметіне дейін көтерілдім.

–  Қандай қызметіңіз  үшін медальдармен, мақтау қағаздарымен марапатталдыңыз?

- Барлық марапаттарым функционалды міндеттерімді адал атқарғаным үшін берілді. Соңғы марапаттардың бірі – «ІІІ дәрежелі құтқарушы» төсбелгісі.

- Өзіңіздің, Еңбек қызметіңізде қандай да бір өртті ерекше атап айта аласыз ба?

-Шындығында, ондай жағдайлар көп болды, олардың біреуін бөліп айту мен үшін қиын, бірақ мен алғашқы сапарым туралы айтайын. Ол сапарымнан кейін мен көптеген жаңа сезімдер мен эмоциялар алдым, мен нағыз шайқас  рәсімінен өттім деп айта аламын. Өрт сөндіру өте күрделі болды, газ баллоныны жарылып, ғимарат құлап жатты, сол кезде мені тоқ соға жаздады. Оның басты ерекшелігі құрылыс барак типтегі болды, өрт өте тез тарап жатты, ғимаратта бір ғана кіру есігі болды. Бұл өрт сөндіруді ғана емес, зардап шеккендерді іздеуді де қиындатты. Сонымен қатар, көрші құрылымдарға таралу қаупі болды.

-Мүмкін бұл өрт Сіздің мамандық таңдауыңызды қайта қарауыңызға себеп болған шығар?

-Көрдіңіз бе, ол кезде мен 22 жастағы лейтенант, қарауыл бастығы едім, жаңа нәрсені, адреналинді қалайтынмын, осы өртте қалағанымды алдым. Бірінші сапардан кейін мен дұрыс таңдау жасағанымды түсіндім. Жұмысқа деген құштарлығым үшін мен тез арада марапатқа ие болдым және жасым 25-тен аспай өзім қызмет атқарып жүрген қазіргі Петропаввл қ. 1- МӨСБ бөлім бастығының орынбасары болдым. Осы бөлімшеде қызмет еткен уақытымда қызметтік міндеттерімді орындаудағы жоғары көрсеткіштерге жеткенім үшін және өрттерді сөндірудегі табыстарым үшін гарнизондық қызметтің орындалуын қадағалайтын және облыс аумағындағы үлкен ТЖ шығатын ӨСКҚ (өрт сөндіру бойынша кезекшілік қызметі) қызметіне тағайындалдым.  Қазір мен 31 жастамын және 2022 жылдың маусым айынан бастап облыстың ең ірі өрт сөндіру бөлімдерінің бірін Петропавл қ. 2- МӨСБ басқарамын.

– Айтыңызшы, осы жылдар ішінде осындай төтенше жағдайларға көзқарасыңыз өзгерді ме? Сіз әлі де сол эмоцияларды сезінесіз бе? Қазіргі кезде сіз өрт сөндіруге қаншалықты жиі шығасыз?

-Егер менің қатысуымды қажет етсе, әрине мен барамын, өзімнің бөлімшемнің шығу аймағында жеке құрамға, техникаға және өрттің нәтижесіне жауапты бастық ретінде барамын.

Мен мойындаймын, қазір өзімді мұндай өрттерде кәсіби маман ретінде сезінемін - өзімді мүлдем басқаша ұстаймын, белгілі бір нормаларды сақтауды талап етемін және егжей-тегжейлі талдауға тырысамын. Ал, эмоцияларға келетін болсақ,  өтірік айтпайын олар қалды, бірақ қазір өзім үшін емес қызметкерлерім үшін  алаңдаймын.

 

Осы сәтті пайдалана отырып, бізге басшылық көрсеткен қолдаулары үшін (өрт сөндіру автокөліктерінің паркін жаңарту, өрт-техникалық құралдар мен киімдерді жақсарту) үлкен алғысымды білдіргім келеді. Сондай-ақ, бүгінгі күні мендегі бар білім мен тәжірбие үшін өз тәлімгерлеріме алғыс айтамын, кейбіреулері азаматтық қорғау жүйесінде жұмыс істемейді, зейнеткерлік демалыста жүр (Әбдікәрімов Р.А., Каримов Б.Т., Асқарбеков Б.Е., Битанов С.Б., Сердалин А.Е.).

Мереке қарсаңында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің құрдасы ретінде мынаны айтқым келеді: – Еліміз біздің іргетасымызды қалап,  өсіп-өркендеуімізге жағдай жасайды. Мемлекет маған білім берді: бұл мектеп, кейін университет және кепілдендірілген жұмыс болды.

         Өткен жылдар ішінде менің жеке білімім де, өмірлік тәжірибем де толыға түсті, бұл үшін мемлекетіме алғыс айтамын. «Мен өзімнің Отанымыз үшін сынақтар мен үлкен бастамалар кезеңінде дүниеге келгенімді мақтан тұтамын». Мен өз елімді сүйемін, барлық азаматтар оның нағыз патриоты болғанын қалаймын. Отанымыз – Тәуелсіз Қазақстан гүлдене берсін!

Петропавл қ. 2-МӨСБ бастығының орынбасары азаматтық қорғау аға лейтенанты Жанат Капаров