Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде, өз қатарларында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу бойынша жүйелі шараларды қолдану, тиісті және ашық жұмысты қамтамасыз ету бойынша 2022 жылғы 8 желтоқсанда "СҚО ТЖД СПиАСР" ММ басшы құрамымен СҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының департаментінің өкілі Зайцева Светлана Николаевнаны шақыра отырып семинар өтті.
Өз сөзінде ол Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының жаңа тұжырымдамасын таныстырды. Аталған бағдарламалық құжатқа сәйкес, Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы әдеттегі әрекеттен қоғамдық сананың түбегейлі өзгеруіне, сыбайлас жемқорлықтың кез келген түрін қабылдамауға көшуге бағытталғаны атап өтілді.
Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі қағидаттарына: баршаның заң алдындағы теңдігі мен әділдік, жариялылық, ашықтық және қоғамға есеп беру жатады. Қоғамның "тұрмыстық" сыбайлас жемқорлық, Бюджеттік процестер мен сатып алулардың ашықтығы, соттар мен құқық қорғау органдарындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері сияқты өзекті мәселелеріне баса назар аударылды.
Сөз соңында Светлана Николаевна өз қатарында кез келген сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуға ерекше назар аударды.
«СҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ
кадр саясаты бөлімінің
бастығының міндетін уақытша атқарушы
азаматтық қорғау майоры
Р. Агатаева