29 қарашада СҚО ТЖ департаментінде брифинг өтті, онда спикерлер СҚО-дағы өрттермен жедел жағдайдың жай-күйі және газ жабдығын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерінің сақталуы туралы айтты.
Департамент бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Дмитрий Растихин өрттердің басым саны тұрғын үй секторына тиесілі екенін атап өтті. Пештер мен түтін мұржаларын орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу себебінен, сондай-ақ тұрғындардың отпен абайсызда жұмыс істеуіне және электр жабдықтарын орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзуына байланысты өрттердің көпшілігі орын алды.
«Осы жылдың басынан бері облыста 604 өрт тіркелді , өртте 33 адам қаза тапты, түрлі дәрежедегі 25 адам жарақат алды, көміртегі тотығымен уланудан 23 адам жарақат алды, оның ішінде 7 бала»
Бұдан әрі келесі спикер ТЖ алдын алу бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Сәкен Ағзамов газ жабдығын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығы туралы айтып берді.
Сондай-ақ , СҚО ТЖД қызметкерлері газ жабдықтарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережелері туралы іс-шараларды тұрақты негізде өткізіп , ақпараттық-түсіндіру материалдарын тапсыратынын қосып айтты.
Сара Ғабдулина,
СҚО ТЖД Қоғаммен байланыс тобы