Аққұдық ауылында өрт сөндіру бекеті ашылады

Аққұдық ауылында өрт сөндіру бекеті ашылады

2022 жылғы 18 қарашада Өрт сөндіру бекеттерін кезең-кезеңімен құру жоспарына сәйкес Кішкенекөл ауылының 17-ӨСБ-нен 60 км қашықтықта орналасқан Аққұдық ауылында өрт сөндіру бекеті ашылады, ол 216 тұрғын үйде 657 адам тұратын Аққұдық, Золотая Нива және Ақбұлақ елді мекендерін қорғайтын болады.

Бұл жұмыс 2018 жылдан бастап кезең – кезеңімен жүргізілуде, 2018 жылы Құлыкөл ауылында, 2020 жылы Бидайық ауылында, 2021 жылы Қаратерек ауылында пост құрылды.

Демеушілік көмек есебінен гараж салынды.

Қызметте Департаменттің балансынан АЦ-40(131) (1987 жылы шыққан) өрт сөндіру автокөлігі берілді. Тәулік бойы жауынгерлік кезекшілікке 2 адам қатысады.