Петропавлда техникалық қызмет көрсету станциясындағы өрт жойылды

Петропавлда  техникалық қызмет көрсету станциясындағы өрт  жойылды

2022 жылғы 17 қарашада сағат 16:16-да орталық өрт байланыс пунктіне «101» телефоны бойынша Петропавл қ., 1-ші Гашек өткелі 8 мекенжайы бойынша техникалық қызмет көрсету станциясының ғимаратында жарылыс туралы ақпарат  келіп түсті.  16 сағат 23 минутта төтенше жағдай орнына ТЖ Департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ бөлімшелері келіп, дереу өртті сөндіруге кірісті.

Газ - ауа қоспасының жарылуымен, ТҚК ғимаратындағы жеңіл автокөлігінде орнатылған  алдын ала- газ-баллон жабдығының ағып кетуінен, кейіннен құрылыс конструкцияларының өртенуі мен құлауынан болды.

Өрт алаңы 100 ш.м. құрады, оқиға орнында түрлі дәрежедегі жарақаттармен, жедел медициналық жәрдемнің медициналық персоналымен 9 адамға көмек көрсетілді (ауруханаға жатқызылды, әртүрлі дәрежедегі жағдай).

Зардап шеккендермен және олардың туыстарымен СҚО ТЖД психологиялық көмек тобының мамандары жұмыс істеді.

Өрт 16 сағат 53 минутта оқшауланып, 17 сағат 34 мин. СҚО ТЖД Өрт сөндіру қызметінің күшімен жойылды (жеке құрамның 49 адамы және 13 бірлік техника). Құрбандар жоқ.

Апат салдарынан сыртқы қабырғалар ішінара қирады, ТҚК ғимаратының ішкі бөлімдері, 13 бірлік автотехника зақымданды.

Материалдық залалы мен себебі анықталуда.

 

        

 ҚР ТЖМ СҚО ТЖ департаментінің

Қоғаммен байланыс тобы