Петропавлда брифинг өтті

Петропавлда брифинг өтті

15 қарашада Төтенше жағдайлар Департаментінде «Жылыту кезеңіндегі өрт қауіпсіздігі және қыста жолдардағы қауіпсіздік ережелері». Жамбыл ауданындағы өрттермен жедел жағдай» тақырыбында брифинг өтті. 

Қыс мезгілінің басталуымен шұғыл қызметтер көбінесе көліктер мен адамдар жүретін жолдарда қардың түсуіне тап болады. ТЖ жою бөлімінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Серік Наурызбаев келесі сандарды келтірді: «2021-2022 жылдар аралығында ТЖД күштерімен қарлы «тұтқыннан» адамдарды құтқарудың 31 жағдайы жүргізілді. Бұл ретте 86 адам құтқарылды, оның ішінде 8 бала. Күрделі жағдай облыстың 7 ауданында (Айыртау, Есіл, М.Жұмабаева, Ғ. Мүсірепов, Шал ақын, Тимирязево, Жамбыл, Уәлиханов) байқалды, онда 6 жылыту пункті ашылып, 16 адам, оның ішінде 1 бала эвакуацияланды.

Брифингті жалғастыра отырып, бейнеконференцбайланыс режимінде Жамбыл ауданының ТЖ бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Сейілбек Смайылов БАҚ өкілдерінің назарын өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаудың маңыздылығына аударды: «Өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтаңыз, себебі өрттің негізгі себебі азаматтардың абайсыздығы болып табылады. Қарапайым ережелерді сақтамау өрттерге және көбінесе қайғылы жағдайларға әкеледі, сондықтан өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз. Өртті сөндіруден гөрі алдын алу оңайырақ»!

 

Сара Ғабдулина,

СҚО ТЖД Қоғаммен байланыс тобы