Петропавлда солтүстікқазақстандық-жастарын азаматтық қорғаныс полк қызметіне шығарып салды

Петропавлда солтүстікқазақстандық-жастарын азаматтық қорғаныс полк қызметіне шығарып салды

2022 жылғы 11 қарашада облыстық әскери комиссариаттың алаңында ҚР ТЖМ азаматтық қорғаныс полкінде қызмет ете бастаған жастарды салтанатты түрде шығарып салу өтті. 20 солтүстікқазақстандықтар Алматы облысына, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлы атындағы әскери бөлімге қызмет етуге аттанады.

         Департамент бастығының орынбасары подполковник Мұрат Қанғожинов әскерге шақырылушылар алдында сөйлеген сөзінде тәулік сайын қазақстандықтардың қауіпсіздігін күзететін ҚР ТЖМ бөлімшелеріндегі қызметтің маңыздылығын атап өтті.

 «Әрбір әскерге шақырылушы үшін– осындай белгілі бөлімшеде қызмет өткеру үлкен мәртебе, оның жеке құрамы жыл сайын түрлі ТЖ жоюға шығады, адамдардың өмірін құтқарады, тұрғындарды қауіпсіз орындарға эвакуациялайды. Қазір онда 70 солтүстікқазақстандық өзінің конституциялық борышын атқаруда», - деп атап өтті Мұрат Серікұлы өз сөзінде.

Ол жас ұрпақтарды осындай айтулы оқиғамен шын жүректен құттықтап, Отанға адал қызмет етуді, әскери мамандықты игеруді, қажетті дағдыларды игеруді, физикалық және ақыл-ойды нығайтуды тіледі.

Сондай-ақ әскерге шақырылушыларды Қазақстан Республикасының Қызыл Жарты Ай СҚОФ директоры Сәуле Омарова құттықтады. Сәуле Бекқожайқызы құтқарушылар қатарында қызмет өткерудің орасан зор жауапкершілігі мен құрметіне назар аударып, бұл мамандық кез келген уақытта адамдарға көмекке келуге дайын асыл және мықты ер адамдар екенін атап өтті.

Содан кейін әскерге шақырылушылар мен олардың ата-аналары, туыстары мен жақындары авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде өрт сөндірушілер мен құтқарушылар қолданатын техникамен және жабдықтармен танысып, СҚО ТЖД жедел-құтқару жасағы мен өрт сөндіру қызметінің қызметкерлерімен әңгімелесті, олардан көптеген жағымды эмоциялар алды. 

 

         СҚО ТЖД Қоғаммен байланыс

тобының бас маманы                                              Евгений Журавлев