
2022 жылғы 28 қазанда Мамлют ауданының аумағында қысқы кезең ТЖ туындаған кезде тұрғындардың мінез-құлқы қағидалары бойынша кешенді оқу-жаттығу өткізу шеңберінде қысқы кезең ТЖ-ға жол бермеуге және жоюға бағытталған іс-шараларда азаматтық қорғау, өзара іс-қимыл және үйлесімділік қызметтерін дайындау бойынша іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді. Жол қызметтерінің көмегімен азаматтарды қар кептелісі болған жерлерден автокөліктерді шығару, зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету, оларды ыстық тамақпен және жылы киіммен қамтамасыз ету ұйымдастырылды. Полиция бөлімі қызметкерлерінің сүйемелдеуімен олар Мамлютка қаласының қабылдау эвакуациялау пунктінде – қазақ мектеп интернатында орналасқан. Келесі практикалық іс –шара аудандық маңызы бар автожолдардағы қарлы учаскелердегі бұталардың жиектерін тазарту болды. Оқу-жаттығу аяқталғаннан кейін қорытындылар шығарылып, басшы құрамға және практикалық іс-шараларды орындаушыларға ұсынымдар жеткізілді.
СҚО ТЖД Мамлют ауданының ТЖ бөлімі