СҚО ТЖД құтқарушыларына үлкен ризашылық: «Олардың тез әрекет етуінің арқасында... ауыр жарақаттан аулақ болды..!

СҚО ТЖД  құтқарушыларына  үлкен ризашылық: «Олардың тез әрекет етуінің арқасында...  ауыр жарақаттан аулақ болды..!

Петропавлдық отбасы Кащенконың мереке алдындағы көңіл-күйін 22 қазан күні кешке олардың үйінің ауласында  драмалық оқиғаны болуын тудырмады.  СҚО ТЖ Департаменті дағдарыс жағдайлары басқармасының 112 телефонына 18 сағат 34 минутта келіп түскен дабыл қоңырауы жедел-құтқару жасағының кезекші тобын дабыл бойынша көтерді.  Болатбаев көшесіндегі үйдің ауласында ойнаған 10 жасар ұлы  ағаштан құлап, оның аяғы екі діңнің саңылауында «мықтап» қысылып қалғаны туралы мазасыз дауыспен көмек сұраған.  Бала қатты ауырғаннан, күйзеліске ұшыраған, аяқты өрескел қабықпен жабылған табиғи «қақпаннан»  алып шуғуға тырысқанмен ештеңеге әкелмеді…   

   4 минуттан кейін оқиға орнына ЖҚЖ мамандарымен келген «Газель» кезекшісі дереу іске кіріскен. Жағдайдың  шешімі  қарапайым көрінгенмен, «зергерлік» жұмысты және арнайы техниканы тартуды қажет етті. Операцияның өзі жарты минуттан аз уақытты алды, бірақ құтқарушылардың мұқият тексерілген әрекеттерін қамтыды – баланың аяғын босату үшін қолданылатын гидравликалық құралдың ең кішкентай қателігі  немесе табынының қисаюы ауыр жарақатқа әкелуі мүмкін еді...

«Біздің тәжірибемізде әр түрлі жағдайларға тап болып жатамыз, мұндай бірінші рет болды.  Қолдан сақинаны шешіп алу, шатырдан немесе көп қабатты үйлердің жоғарғы қабаттарынан терезелерге түсіп пәтерлерді ашу, апат салдарына  ұшыраған көліктерден зардап шеккендерді шығару. Дегенмен, біздің жігіттер кез келген стандартты емес жағдайда көмек көрсетуге әрқашан дайын. Жұмысымыз осындай», - деп түсіндірді құтқару бөлімшесінің басшысы Ағыбай Нұрғожинов.

Ата-аналардың үлкен қуанышына орай, Федяға медициналық көмек қажет болмады, ал құтқарушылар өз міндеттерінің соңынан  тұрақты орынға оралды. Бірақ осымен аяқталған жоқ... осы күні Солтүстік Қазақстан облысы ТЖ департаментінің бастығы  атына отбасы басшысы Яков Кащенкодан алғыс хат келді,  онда ол жедел-құтқару жасағының қызметкерлеріне төтенше оқиға орнында көрсеткен кәсібилігі мен жеделдігі үшін үлкен алғысын білдірген.

«Сіздің қызметкерлеріңіз қысқа уақыт ішінде келіп, менің баламды босатты. Олардың тез әрекет етуі мен кәсіби іс-әрекеттерінің арқасында қазіргі уақытта менің балам  ауыр жарақат алудан аулақ болды», - деген сөздермен медицина, «жедел жәрдем» бригадасының қызметкері Яков Яковлевичтің алғыс хаты аяқталған.

Әрине, құтқарушылардың жұмысын жоғары бағалау оларды қатты қуантты. Баланың қатты зардап шекпегені екі есе қуанышты. Айта кетейік, бір күн бұрын құтқару бөлімшесінің қызметкерлері – Рүстем Қожин, Досым Жұманов, Нариман Байтұханов және олардың жетекшісі Ағбай Нұрғожинов әріптестерімен бірге кәсіби мереке – Құтқарушылар күнін атап өтті. Олар оған қомақты «багажбен» келді - жыл басынан бастап СҚО ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ құтқарушыларымен 262 шығу жасалды, оның барысында 107 адам құтқарылды, көптеген адамдарға қажетті көмек көрсетілді.

Жасақ  қызметкерлеріне, сондай-ақ  және олардың өрт сөндіруші – құтқарушылар әріптестеріне  денсаулық, кәсіби қызметте табыс және алаңдатарлық сапарлардың аз болуын тілейміз!

СҚО ТЖ Департаментінің

қоғаммен байланыс тобының

бас маманы                                                         Евгений Журавлев