Петропавлда өрт сөндірушілер мен құтқарушылар құрметке ие болды

Петропавлда өрт сөндірушілер мен құтқарушылар құрметке ие болды

2022 жылғы 19 қазанда Петропавл қаласының Жастар сарайында азаматтық қорғау қызметінің қызметкерлері мен ардагерлерінің кәсіби мерекесі - Құтқарушылар күніне арналған салтанатты іс – шара өтті.

         Сарай залында іс-шара қонақтарына өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың өрт-техникалық қару-жарақ көрмесі, мереке тақырыбы бойынша балалар суреттері ұсынылды. 

         СҚО ТЖ департаментінің туын енгізу рәсімінен кейін Департамент гарнизонының жеке құрамы, қызметкерлер мен ардагерлерді облыс әкімінің орынбасары Сәтжан Аблалиев құттықтады.

Сатжан Әйтенұлы құтқарушылар мен өрт сөндірушілер өздерінің жанқиярлық еңбегімен, қорқынышсыздығымен, кез келген сәтте төтенше жағдайларда адамдарға көмекке келуге дайын болуымен халық арасында лайықты құрмет пен беделге ие болғанын атап өтті. Ол департамент ұжымына тұрғындарды қорғаудың игі ісінде одан әрі табыстар тіледі және азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері алдағы уақытта да Қазақстан халқының игілігі үшін өздерінің қызметтік борышын үлгілі орындау үшін бар күш-жігерін, іскерліктері мен дағдыларын беретініне сенім білдірді. 

«Бүгінде өңірде құтқару қызметтерін қажетті материалдық-техникалық жарақтандырумен қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдануда. Тек соңғы 5 жылда жергілікті бюджет есебінен шамамен 679 млн. теңге бөлінді. Өрт-техникалық және құтқару жабдықтары мен көлік құралдары сатып алынды», - деді СҚО әкімінің орынбасары.

 Содан кейін ол Департаменттің өрт сөндіру және құтқару бөлімшелерінің қызметкерлеріне облыс әкімінің грамоталары мен алғыс хаттарын табыс етіп, олардың Қазақстан Республикасы халқының игілігі үшін адал еңбектерін атап өтті.

Іс-шараға қатысушылар мен қонақтарға, азаматтық қорғау органдарының ардагерлеріне СҚО ТЖ департаментінің бастығы полковник Рамиль Камалов құттықтау сөз сөйледі. Ол жеке құрамды мерекемен шын жүректен құттықтап, зор денсаулық, амандық, кәсіби қызметте табыс тіледі.

Жыл сайын Департаменттің жедел қызметтері 2500-ден астам сапар жасайды, 2000 адамға дейін ТЖ аймақтарынан құтқарылады және эвакуацияланады, 111-ден астам зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетіледі. «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасына сәйкес жедел-құтқару жасағы ғимаратының заманауи кешенінің құрылысы жалғасуда. Тәуелсіздік жылдарында алғаш рет облыс орталығында «Береке» шағын ауданында 6 автокөлікке арналған типтік өрт сөндіру депосы салынуда. Жаңа объектілерді пайдалануға беру халыққа қызмет көрсету мен ден қоюдың жеделдігін бірнеше есе арттырады.

         Содан кейін ҚР ТЖМ және СҚО ТЖД ведомстволық наградаларымен, Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен, азаматтық қорғау ардагерлері мен Департамент қызметкерлерін, мемлекеттік органдар, БАҚ және жұртшылық өкілдерін марапаттау рәсімі өтті. 19 қыркүйекте Уәлиханов ауданы Бидайық ауылында су құдығына құлаған баланы құтқарған Еран Тілеуқабылов «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» медалімен және 2022 жылғы 21 қыркүйекте көрші жанып жатқан пәтерден екі адамды құтқарған Денис пен Динара Поправка жұбайлары «Өрттегі батылдығы үшін» медальдарымен марапатталды. Осы салтанатты күні барлығы 30-дан астам адам марапатталды.

Департамент қызметкерлерінің балалары арасында өткен «Құтқару - кәсібі» сурет байқауының жеңімпаздарын зал жылы қарсы алды. Азаматтық қорғау органдарының ардагерлер кеңесінің төрағасы Сағынбай Қойбағарұлы Уәлиев балаларға дипломдар мен естелік сыйлықтар табыс етті. Бірінші орынды Радмир Қазбаев, екінші орынды Сәбина Ысмағұлова, үшінші орынды Альфира Нәжімұдинова иеленді.

Іс-шаралар мерекелік концертпен жалғасты, онда облыстың үздік солистері мен шығармашылық ұжымдары би және вокалдық нөмірлермен өнер көрсетті, Департамент қызметкерлері таланттарымен жарқырады.

                              

                                             

         СҚО ТЖ департаментінің

Қоғаммен байланыс тобы