Өрт-құтқару көпсайысы бойынша турнир

Өрт-құтқару көпсайысы бойынша турнир

2022 жылғы 14 қазанда Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Сарыкөл кентінде төтенше жағдайлар органдарының құрылуының 27 жылдығына арналған функционалдық өрт-құтқару көпсайысынан ІІ ашық турнир өтті. Мақсаты  өңіраралық өзара іс-қимыл, ынтымақтастық және салауатты өмір салтын қолдау. Сондай-ақ кәсіби спорт түрлерін дамыту.

Турнирге 4 команда қатысты: Сарыкөл ауданының 23-ӨСБ, Қарасу ауданының 24-ӨСБ «Қостанай облысы ТЖД «ӨС және АҚЖ» ММ, «Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД ӨС және АҚЖ»ММ Шал-ақын ауданының 6-ӨСБ және Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның 16-ӨСБ.

Жарыс өрттегі жағдайларды модельдеуді және көптеген кедергілерден өтуді көздеді. Ол үшін әрбір қатысушы өрт сөндірушінің жауынгерлік киімінде өнер көрсетті. 

Жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық 3 орынды Шал ақын ауданының 6-ӨСБ командасы, Сарыкөл ауданының 23-ӨСБ командасында 2 орынды және Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның 16-ӨСБ командасы 1 орынды иеленді.

Сегіз қатысушы арасында жеке есепте 1 орынды «СҚО ТЖД ӨС және АҚЖ» ММ Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Чистополье селосының 20-ӨСБ 16-ӨСБ өрт сөндіруші-құтқарушысы азаматтық қорғаудың кіші сержанты Александр Андреевич Мельничук иеленді.

2 орынды «СҚО ТЖД ӨС және АҚЖ» ММ Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Чистополье селосының 20-ӨСБ 16-ӨСБ бөлімшесінің командирі азаматтық қорғау сержанты Артем Васильевич Бродягин иеленді.

3 орынды «СҚО ТЖД ӨС және АҚЖ» ММ Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Сергеевка қ. 6-ӨСБ өрт сөндіруші-құтқарушысы  азаматтық қорғау кіші сержанты Ақан Боранбайұлы Едірбай иеленді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамоталармен, медальдармен және сыйлықтармен марапатталды.

 

 

 

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның

Новоишимское селосы, 16-ӨСБ

бастығы орынбасарының міндетін атқарушы

азаматтық қорғау капитаны                     

Е. Е. Елтаев