
Жақында СҚО ТЖ департаментінде СҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының департаментінің өкілі Светлана Николаевна Зайцеваны шақырумен семинар өтті.
Светлана Николаевна өз сөзінде қазіргі әлемдегі сыбайлас жемқорлық пен парақорлық мәселесі соншалықты өткір болғанын, таңдалған тақырыптың себептері мен өзектілігі айқын екенін атап өтті. Ол бұл жағдайға төзуге болмайтынын және бұл құбылыспен күресте сәттілік мемлекет пен азаматтық қоғамның күш-жігерін шоғырландыру кезінде ғана мүмкін болатынын атап өтті.
Бұл ретте ол республика бойынша , сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың фактілері мен статистикасын келтіріп, оларды жасағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа баса назар аударды.
Іс-шараны өткізу барысында Департамент қызметкерлері Светлана Николаевнаға осындай әлеуметтік маңызды тақырып бойынша сұрақтар қойып, оларға қолданыстағы заңнама нормаларын ескере отырып түсініктемелер алды.
СҚО ТЖД жеке құрамы бойынша
Инспекцияның бас маманы
азаматтық қорғау майоры Аслан Есендіков