22 қыркүйек Есіл ауданында, Явленка селосында маневрінің үздік жүргізушісі» атты облыстық жарыс өтті. Шара «Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекеме жүргізушілерінің кәсіби шеберлігін арттыруға арналған.
Жарысқа облысымыздың аудандары өрт сөндіру бөлімшелерінің ең үздік деген жүргізушілер іріктеліп қатысты, барлығы 19 жүргізуші-қызметкері.
Жыл сайын алдарына күрделі міндет қойылған қатысушылардың шеберлілігі күн санап арта түспек. Жүргузілішер 9 түрлі жаттығудан тұратын жарыстың талаптарын рет-ретімен жылдам әрі мінсіз өтулері тиіс: «Айналу», «Тұраққа кіру», «Үңгіртау қақпа», «Қазық», «Алдымен жыланды жүріс», «Артымен жыланды жүріс», «Боксқа кіру», «Эстафета», «Түбірлер», «Су тарту», «Финиш». Осындай қиыс элемент кедергілері арқылы – жүргізушінің кәсіби сапасын тексере аламыз. Өңірлік және облыстық жарыстың әр кезеңінің алдында барлық жүргізушілер жол жүру ережесі және техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша тестілеу тапсырды.
Петропавл қ. 4-ӨСБ өрт сөндіру автокөлігінің жүргізуші-қызметкері азаматтық қорғау аға сержанты Абай Қажымұратов 2022 жылғы «Жылдам маневрлеу бойынша үздік жүргізуші» атағының жеңімпазы және иегері болды.
Екінші орынды Саумалкөл селосы Айыртау ауданы 7-ӨСБ өрт сөндіру автокөлігінің жүргізуші-қызметкері азаматтық қорғау старшинасы Жанат Шалабаев және үшінші орынды Петропавл қаласы 3 – ӨСБ өрт сөндіру автокөлігінің жүргізуші-қызметкері азаматтық қорғау аға сержанты Алексей Никишин иеленді.
«Жылдам маневр жасау бойынша үздік жүргізуші» атағына жарыс жүлдегерлеріне салтанатты жиналыста бағалы сыйлықтар мен грамоталар табыс етілді.
Рүстем Ахметов, «СҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ
Өрт сндіру техникасы және
жабдықтар бөлімшесінің аға инженері,
азаматтық қорғау капитан