
СҚО ТЖД Шал ақын ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі Сергеев орман шаруашылығының қызметкерлерімен бірлесіп, «Орманды өрттен сақтау» ұранымен науқан өткізді.
Профилактикалық жұмыс күзгі өрт қауіпті кезеңде жанулардың алдын алу мақсатында, ауданның шаруа қожалықтары арасында өтті. Құтқарушылар орман қызметкерлерімен бірге өртке қарсы ережелерді насихаттады, сондай-ақ орман алқабы мен егістік бойындағы жолды құрғақ шөп пен қоқыстардан тазартуға кеңес берді. Бұл – автокөлік жүргізушілерінің сөндірілмеген темекі тұқылдарынан дала мен орманды қорғау үшін қажет. Бұдан бөлек, шаруашылық техниканың техникалық тексерісі ж.ргізіліп, тақырыптық парақшалар мен жаднамалар таратылды.
Қазіргі уақытта ТЖ бөлімінің қызметкерлері рейдтік шараларды қайта жандандырды, жұмысқа жергілікті полиция қызметінің учаскелік қызметкерлер қатыстырылды. Олар профилактикалық шараларды өткізуге көмектеседі, өйткені өрт қауіпті кезең қызу үстінде.
Шал ақын ауданы ТЖб