
Су тасқынына қарсы іс-шараларды алдын ала өткізу-алдағы қауіпті кезеңде ТЖ алдын алудың кепілі. Облыс аумағында осы бағыттағы жұмыс көктем басталғанға дейін көп уақыт бұрын ұйымдастырылады және СҚО ТЖ Департаменті мен жергілікті атқарушы органдардың тұрақты бақылауында болады.
2023 жылғы алдағы су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша жазғы-күзгі кезеңде инженерлік жұмыстар жоспарының орындалуын бақылау шеңберінде Айыртау, Шал ақын, Ғ.Мүсірепов атындағы және Тимирязев аудандарында СҚО ТЖД бастығының орынбасары подполковник Мұрат Қанғожинов болды.
Сапар барысында жоғарыда көрсетілген аудандардың ТЖ алдын алу және жою жөніндегі комиссияларының кезектен тыс отырыстары өткізілді, су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізуге жауапты аудан әкімдерімен және лауазымды тұлғалармен аудан аумағында алдағы қысқы және су тасқыны кезеңдерінің қауіпсіз өтуінің өзекті мәселелері, жергілікті атқарушы органдардың, азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдарының ТЖ алдын алуға дайындығы, тұрғындарды уақтылы хабардар ету, төтенше жағдайлардың алдын алу қазіргі заманғы құлақтандыру жүйелерін одан әрі енгізу, инженерлік және қар жинайтын техниканың мақсаты бойынша міндеттерді орындауға, сондай-ақ тұрғындардың қауіпсіз тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге дайындығы талқыланды.
Жергілікті атқарушы органдардың және жол ұйымдарының өкілдерімен бірлесіп, республикалық, облыстық, аудандық және жергілікті маңызы бар автокөлік жолдарында қорғаныш үйінділерін орнату және нығайту, жағалауды бекіту жұмыстарын жүргізу, тюбингтер мен құбырлардың су өткізу қабілетін ұлғайту, арықтар мен нөсер кәріздерін тазарту жөніндегі жұмыстар қаралды.
Қысқы кезеңге дайындық және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері де назардан тыс қалған жоқ. Лауазымды тұлғаларға елдімекендер мен автокөлік жолдарының бойынан жырту (минералдандырылған жолақтарды орнату), бұталарды және шөп шабуды кесу, автожолдардың қар басып қалатын учаскелерінде қар тоқтауын орнату, қар жинау техникасының дайындығын, тайғаққа қарсы материалдардың болуын, жылыту пункттерінің дайындығын тексеру бойынша бірқатар ұсынымдар берілді.
«Алдын ала қабылданған шаралар ТЖ қаупін азайтады. Біз үшін ең бастысы - су тасқынының апатсыз өтуін қамтамасыз ету, тұрғындар мен материалдық құндылықтарды қорғау», - деді Мұрат Қанғожинов.
СҚО ТЖ департаменті ТЖ жою бөлімінің бас маманы
азаматтық қорғау подполковнигі Әсет Шайкин