2022 жылғы 27 тамызы «СҚО ТЖ Департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің № 3 өрт сөндіру бөлімінің аумағында Конституция күні мерекесі қарсаңында салтанатты іс-шара өтті.
Бөлім алаңында Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы сапқа тұрды. СҚО ТЖ Департаментінің Өрт сөндіру қызметі бастығының міндетін уақытша атқарушы азаматтық қорғау полковнигі Николай Белоусов гарнизонның жеке құрамын құттықтағаннан соң, салтанатты сап алдында қызметке жаңадан қабылданғандар тамаша ғұрыпты жалғастыра отырып, Ант қабылдады. Кейін ол мерекелік баяндамасын оқыды, онда ол өрт сөндіруші-құтқарушы мамандығының маңыздылығы мен мәнін ерекше атап көрсетті. Николай Александрович өз сөзінде былай деді: «Өрт сөндіруші-құтқарушы болу бұл – нағыз қабілеттілік. Бұл құрметті мамандыққа батылдық пен ержүректілік, аса зор рухани күш және өзгелердің өмірі үшін өзін-өзі құрбан қылу тән. Құтқарушы қызметінің ұраны – «Абырой және қарыз – елдің қызметіне!» деп текке айтылған емес».
Сондай-ақ азаматтық қорғау органдарының Ардагерлер кеңесінің мұшесі Ерік Мажитов құттықтау сөзімен сөз сөйледі. Ерік Әлімжанұлы: «Бүгін Департаменттің қатары жаңа қызметкерлермен толықтырылды. Сіздерді өміріңіздің салтанатты сәті – Ант қабылдау рәсімімен құттықтаймын, Сіздерге қиын жолдарыңызда табыс, аға буынның жолын абыроймен өтуді тілеймін», - деп лебізін білдірді.
Салтанатты іс-шара Төтенше жағдайлар департаменті гарнизоны жеке құрамының салтанатты маршпен өтуімен аяқталды.
Руслан Нуртазин,
«СҚО ТЖД Өрт сөндiру және авариялық-құтқару
жұмыстары қызметi» ММ ҚББ