Мемлекеттік қызметтегі – мемлекеттік тіл.

Мемлекеттік қызметтегі – мемлекеттік тіл.

2022 жылғы 26 тамызы "СҚО ТЖД ӨС ж/е АҚЖҚ" ММ-де ҚҚЕ және МТДТ инспекторы Мадина Бақтыбаева ұйымдастыруымен " Тіл ғұмыры - ұлт ғұмыры" атты семинар өтті.
Тәуелсіздік – халықтың ең басты құндылығы, бүгінгі күннің өзекті мәселерінің бірі - тіл мәселесі болып отыр. Жүрегі елім, жерім деп соққан адамның өзінің халқына, тіліне деген ерекше сезімі болады. Менің ойымша өзіміз ана тілінде сөйлемейінше, өзге ешкім де бұл тілді құрметтемейді.
Мемлекетік басшысы «Мемлекеттік тілді білмейінше мемлекеттік органдарда, қызмет көрсету саласында жұмыс істеу мүмкін болмайды», - деген еді. Біздің ұжымда жұмыс істейтін қызметшілердің көбі өз ұлтымыз. Қазіргі кезде біздегі құжаттардың барлығы мемлекеттік тілде жүргізуге барынша көңіл бөліп жатырмыз. Өйткені, бізге жоғары тұрған органдардан келіп жататын өтініштердің, хаттар легінің көпшілігі мемлекеттік тілде жазылатындықтан, сол тілде жауап беру әрбір қызметкердің тікелей міндеті.
Мемлекеттік тілде құжат дайындай алатын және оның дамуына үлес қосып жүрген қызметкерлер Қазақстан халқы тілдері күні қарсаңында облыстық Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының және Мекеменің Құрмен грамоталарымен, Алғыс хаттарымен марапатталып отырады.
Мұқағали Мақатаев үш бақытының біріне бағалаған қасиетті қазақ тілінің бүгінгі тағдыры көркеюде, қолданылу аясын кеңейтіп, мәртебесі биікте тұр. «Мен қазақпын» деп бас көтерген пенденің, ұлттық санасы ояу адамның жүрегі тілім деп соқса екен.
Іс-шара Бақтыбаева Мадина " Жаса Қазақстан " атты ән-шашуымен аяқталды.

« СҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ қоғаммен байланыс тобы