
Жыл басынан бері облыс аумағында 421 өрт болып, нәтижесінде 30 адам қаза тапты, 8 адам жарақат алды.
Жүргізілген талдау көрсеткендей, жылу беру кезеңінің басталуымен өрт саны күрт артады. Бұл, негізінен, суық мезгілдің келуімен көптеген адамдар пештерді қатты отынмен жағуды мұржаларды алдын ала тексермей және жөндемей бастайды, электр қыздырғыш аспаптарын, көбінесе қолмен жасалатын өндірісті пайдаланады, бұл ретте өрт қауіпсіздігі қағидаларының талаптарын бұзады.
Тұрғындардың қауіпсіздік деңгейін арттыру, өрт-алдын алу жұмыстарын жандандыру, оның тиімділігін талдау және аумақтардың жылу беру кезеңіне дайындығын бағалау үшін Солтүстік Қазақстан облысында өрттің, адамдардың қаза болуы мен жарақаттануының алдын алу бойынша өрт қауіпсіздігі айлығы басталады. Айлық екі кезеңде өтеді: І кезең 2022 жылғы 15 тамыздан 15 қыркүйекке дейін және ІІ кезең 15 қыркүйектен 15 қазанға дейін, Департаменттің құрылымдық және ведомстволық бағынысты бөлімшелерінің жеке құрамын тарта отырып, карантиндік шаралар мен әлеуметтік қашықтықты ескере отырып.
Жүргізіліп жатқан жұмыстың мақсаты азаматтардың өрт қауіпсіздігін сақтамау салдарынан болып жатқан өрттердің санын азайту, тұрғындардың өртке қарсы шаралар туралы хабардар болуын арттыру болып табылады.
Айлық шеңберінде азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен, полиция қызметкерлерімен, волонтерлермен және басқа да мүдделі ұйымдармен бірлесіп «өрт қауіпсіздігі күндерін», профилактикалық әңгімелесулер, кездесулер, аулаларды аралау, тұрғын үй секторында рейдтер өткізеді. Халықтың әлеуметтік осал топтарына, әлеуметтік қауіп-қатер тобындағы адамдарға: мүгедектерге, аз қамтылғандарға, көп балалы отбасыларға, зейнеткерлерге ерекше назар аударылады.
Жеке секторда жұмыс істеу кезінде жылыту пештерін, электр аспаптарын пайдалану қағидаларын түсіндіруге, балалардың отпен ойнауына жол бермеуге ерекше назар аударылады.
СҚО ТЖД МӨББ