Пресновка селосының өрт сөндірушілері өрт сөндіру кезінде ер адамды құтқарды

Пресновка селосының өрт сөндірушілері өрт сөндіру кезінде ер адамды құтқарды

Жеделдік, кәсібилік, ұйымшылдық – алғашқы қоңырау бойынша көмекке келуге және өрт апатына тосқауыл қоюға дайын өрт сөндірушілердің басты ерекше белгілері.2022 жылғы 12 тамызда 4 сағат 59 минутта СҚО Жамбыл ауданы Пресновка селосының №11 өрт сөндіру бөлімінің пультіне Жамбыл көшесі, 6 мекенжайындағы тұрғын үйдегі өрт туралы хабарлама келіп түсті. Дереу өрт орнына өрт сөндіру жасақтары жіберілді. Шақыру орнына келген бойда жабық аула мен тұрғын үйдің шатыры отпен жабылғаны анықталды. Көршілердің сөзінен, үйде ер адам болуы мүмкін білген соң, өрт сөндірушілер газ түтінінен қорғау қызметі бөлімінің құрамында түтін аймағына кірген. Көп ұзамай өрт болған жерден өрт сөндірушілер 1981 жылы туылған зардап шегушіні орташа ауыр жағдайда алып шықты. Ер адам жедел жәрдем көлігіне жеткізілді.Жамбыл ауданы Пресновка с. 11-ӨСБ қарауыл бастығы азаматтық қорғау аға лейтенанты Роман Аксючиц пен  Пресновка с.11-ӨСБ жеке құрамының жылдам, шебер іс-әрекеттерінің арқасында  өрт сөндіруші Гафур Ізтөлин, жүргізуші-қызметкерлер Владислав Никитин мен Айдар Құрметов адам өмірін сақтап қалды. Өртті оқшаулау сағат 05-те 26 мин., ал толық жою-05 сағ. 47 мин. жарияланды. Өрт салдарынан жабық ауланың шатыры, веранда өртеніп, үйдің шатыры жартылай бүлінген. Өрттің жалпы ауданы 60 шаршы метрді құрады, өрт сөндірушілер ТЖ орнынан бір газ баллонын шығарды.   Өрттің алдын ала себебі-электр сымдарының қысқа тұйықталуы. Өртті сөндіруге 2 бірлік арнайы техника, жеке құрамнан 4 адам және «Пресновтық орман шаруашылығы» ММ - 1 бірлік техника қатысты. Қазіргі уақытта жәбірленуші ауруханада жатыр, бақытымызға орай, оның өміріне қауіп жоқ. Өртті сөндірген қызметкерлер ер азаматқа барып, тезірек сауығып кетуін тіледі. Өз кезегінде ер азамат  өрт сөндірушілерге өрт сөндіру күзеті қызметкерлерінің уақтылы келгені және үйлесімді жұмысы үшін, ең бастысы, өз өмірін құтқарғаны үшін алғыс айтты!Жыл басынан бері облыста 421 өрт тіркелді, шығын 315 млн теңгеден асты.  Өрт кезінде 30 адам қаза тапты, оның 2-уі балалар. Өрт сөндірушілер 95 адамды эвакуациялады, 12 адам құтқарылды, оның 2-і балалар.

 

Сара Ғабдулина

СҚО ТЖД қоғаммен байланыс тобы