
Маусымның соңғы күндерi өзiнiң ыстық күндерiмен бiздi шалқытып отырғандықтан демалыс күндерiн су маңында өткiзгенге не жетсiн. Алайда Солтүстiк Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментi қызметкерлерiнiң суда сақ болу туралы ескертулерiне халық қажетiнше құлақ аспай отыр. Мiнекей шомылу кезеңiнiң қайғылы салдарлары: соңғы аптада Петропавл қаласы аумағындағы су айдындарында екi жас жiгiт суға батып кеттi.
Осынау бейбiт күнде тепсе темiр үзетiн жас жiгiттердiң өркөкiректiгi мен салғыртығынан өмiрлерiмен қоштасуы өкiнiштi-ақ. Екi оқиғада да мерт болғандар мас күйде болған. Cуда дем алу мен алкогольдiң үйлесiмдiлiгi жоғын халық «Су мастарды жек көредi» деп бекер айтпаған шығар. Үйден шығар алдында сiздер демалуға немесе iшiмдiк iшуге бара жатқаныңыз туралы ойлайсыздарма? Ата-атаналардың балалары үшiн жауапкершiлiгiне де тоқтала кетейiк. Су жанында демалып жатқанда балаларды бақылаусыз қалдырмаңыздар, олардың өз бетiмен суға кiруiне, қайықпен жүруiне рұқсат бермеңiздер. 14 жасқа дейiнгi балаларға су айдындарында жалғыз болуға қатаң тыйым салынады!
Демалыс орындары иелерiнiң назарын өздерi ұйымдастырып отырған демалыстың қауiпсiздiгiн барынша қамтамасыз етуге аударамыз. Бiрiншiден мас күйдегi тұлғалардың шомылуы мен жүзу құралдарын пайдалануларына жол бермеңiздер. Жүзу құралдарын пайдаланған кезде келесiлерге тыйым салынады: жүзуге құтқарушы жилеттерi мен белдiктерiнсiз шығуға, қайықтардың тұмсығы мен жақтауларына отыруға, бiр орыннан екiншi орынға ауысуға, сондай-ақ бiр қайықтан екiншi қайыққа мiнуге, қайыққа шамадан тыс жүк артып, адамдарды отырғызуға, 14 жасқа дейiнгi балалардың ересектерсiз қайықпен жүзуiне.
Судағы қарапайым қауiпсiздiк ережесiн сақтауды қайталап ескертемiз. Ашық және желсiз күнi шомылған дұрыс болады. Отбасының барлық мүшелерiнiң жүзе бiлгендерi абзал. Терңдiгi мен түбi белгiсiз орындарда суға секiрмеңiздер. Тыйым салынған, судың ағысы қатты жерлерде шомылмаңыздар, шектеу белгiлерiнен асып жүзбеңiздер. Шомылған кезде суда тоңазып қалмаңыздар. Суға батқанда және күн өткенде жасалатын алғашқы медициналық көмек көрсету әдiс-тәсiлдерiн зерделеп алғандарыңыз да жөн болады. Өздерiңiз бен жақындарыңызға сақ болыңыздар! Демалыс көңiлге тек қуаныш әкелсiн!
СҚО ТЖД Шал ақын ауданны ТЖб