СҚО ТЖД бастығы азаматтық қорғау полковнигі Рамиль Камалов РФ Түмен қаласына қысқаша жұмыс сапарымен барды

СҚО ТЖД бастығы азаматтық қорғау полковнигі Рамиль Камалов РФ Түмен қаласына қысқаша жұмыс сапарымен барды

Түменде Ресей ТЖМ Түмен облысы бойынша Бас басқармасының бастығы ішкі қызмет генерал-майоры Артур Хачатрян мен Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығы  полковник Рамиль Камаловтың жұмыс кездесуі өтті.

Іс-шара аясында ведомство басшылары Ишим (Есіл) өзенінің су ресурстарын пайдалану және қорғау жөніндегі жұмыс тобының трансшекаралық су объектілерін бірлесіп пайдалану және қорғау жөніндегі бірлескен Ресей-Қазақстан комиссиясының 30-шы отырысына қатысты.    

Отырыста қаралған тақырыптардың бірі 2022 жылғы көктемгі су тасқынының өтуі туралы жедел ақпарат алмасу тақырыбы болды.

Халықаралық кездесудің қорытындысы бойынша көрші елдердің төтенше ведомстволарының басшылығы трансшекаралық оқу-жаттығуларға, 2023 жылғы су тасқыны мен өрт қауіпті кезеңге дайындық кезінде, сондай-ақ шектес аумақтардағы ТЖ жою бойынша өзара іс-қимылға қатысуға өзінің толық дайындығын растады.

 

ҚР ТЖМ СҚО ТЖ департаментінің

ТЖ алдын алу бөлімі