СҚО Төтенше жағдайлар департаменті мен «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметтері» ММ қызметкерлері Петропавл қаласы ТЖ Басқармасының инспекторлық құрамы және СҚО ТЖД-де практикадан өтіп жатқан азаматтық қорғау академиясының курсанттары үшін өрт-техникалық сабақ өткізді. ӨТС өткізу орны кездейсоқ таңдалмады – «Қызылжар» кешенінің 16 қабатты тұрғын үй ғимараттары әртүрлі төтенше жағдайларға үнемі дайын болуы керек нысандарды ұсынады. Көп қабатты үйлер адамдар көп жиналатын объектілерге жатады және өрт туындаған жағдайда тұрғындардың көп бөлігінің қаза болу қаупі бар. Сондықтан ӨҚЕ сақтау, адамдарды эвакуациялау және құтқару мәселелері өте маңызды.
Тәжірибелі мамандар жас әріптестеріне жоғары қабатты тұрғын үйлерде қолданылатын өрт сөндіру жүйесін – өрт крандары мен жеңдерін көрнекі көрсетті, олардың мүмкін болатын ақаулықтары туралы айтып берді. Сондай-ақ адамдардың қауіпсіз орындарға кедергісіз шығуын, өрт дабылының жарамдылығын қамтамасыз ету үшін түтінденбейтін саты торларына, эвакуациялау жолдарына ерекше назар аударылды.
Өрт қауіпсіздігі талаптары тұрғындарға түсіндірілді, сондай-ақ оларға өрт туындаған кезде әрекет ету алгоритмі жеткізілді: 101 және 112 телефондарына ақпарат беру тәртібі, ұйымдасқан эвакуация қажеттілігі, өрт туындаған кезде тұзаққа айналуы мүмкін лифтілерді пайдалануға тыйым салу. Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері сабақ өткізу барысында сыртқы сумен жабдықтаудың жарамдылығын тексерді, кірме жолдардың бітелуіне жол берілмейтіндігіне назар аударды, бұл өрт сөндірушілердің жұмысын қиындатады.
Қорытындылай келе, өрт сөндіру қызметінің жеке құрамы кешеннің жоғарғы қабаттарында өрт сөндірудің тактикалық тәсілдерін көрнекі түрде көрсетті.
СҚО ТЖД мемлекеттік өрт бақылау
басқармасының бастығы
азаматтық қорғау подполковнигі Аслан Ахметжанов