Қызмет үшін рахмет!

Қызмет үшін рахмет!

 

Кейбір адамдар үшін ерлік күнделікті жұмысқа айналған. Ол адамдар өзіміз сияқты, біздің ортамызда өмір сүреді. Біз оларды дүкенде, кинода, далада кездестіргенде олардың әрбіреуінің  арқасында талай әйел адам, бала, қарттардың өмірі сақталып қалғаны туралы ойламаймыз да, білмейміз. Олар әрдайым басқала адамдардың өмірін құтқару үшін өз өмірін қауіпке төңдіріп, қорқыныш, күмән дегенді білмейді. Ол жігерлі, қайсар мінезді, күш-қуаты темір үзердей адамдар.  Олардың бірі - Петропавл қаласының 1-МӨСБ бөлімше командирі  Жаслан Жомартұлы Есқалиев.

 «Мектепте мен батыл өрт сөндірушілердің жұмысына тәнті болдым. Әскерден кейін мамандықты таңдаған жоқпын: тек туған Петропавлдың өрт күзетіне! Жасұланның жетекшілері тәжірибелі бөлім командирлері мен бөлімше басшылары болды. Бұл шынайы « өрт сөндірушілер» болды. Олар бізді жұмысымызда көмектесетін көптеген қыр-сырлар мен дағдыларға үйретті. Мысалы, масканы шешпей, алдымен органдарды қорғауға және тыныс алуға арналған аппараттан босатылу қажет болғанда, оны ойыққа өткізіп, кейін соңынан еріп, тар ойық арқылы бөлмеге ену тәсіліне. Немесе кері тәртіпте», - дейді Жасұлан. Бұл дағдылардың көбісі оған шатырлар мен жертөлелерде  өрт сөндіру кезінде пайдалы болды.

Есқалиев Жасұлан – бөлімнің үлгілі командирі. Мұны тек грамоталар мен медальдар, кәсіби дайындықтағы табыстар ғана емес, сонымен бірге әріптестердің құрметпен қарым-қатынасы да дәлелдейді. Ол Солтүстік Қазақстан облысының өртке қарсы қызметтің гарнизонында бөлімнің үздік командирі ретінде құрмет тақтасында жиі болды.

Жасұланның еске алары бар: көптеген қарапайым және күрделі өрттер сөндірілді, дулыға еріген кездер болды және басқа адамдардың өмірлері үшін жүздеген рет тәуекелге барды.

Соңғы бір жағдайларды Жасұлан өмірімен қаіп төндірді, оқиға
2022 ж. 04 ақпаны  мына мекен-жай бойынша: Петропавл қ., Жабаев к-сі, 160. Мешіт жанындағы құрылыстар жанып жатты. Барлық бөлімшелерге №2 шақыру жарияланды. Өрт орнына келісімен келесі жағдай анықталды, ашық отпен шаруашылық құрылыстар жанып жатты, жергілікті тұрғындардың жеңіл автокөліктерге және жақын орналасқан «Нұр» мешіт асханасы ғимаратқа өрттің таралу қаупі болды. Азаматтық қорғау прапорщигі Есқалиев Ж.Ж. жеке өзі 7 газ баллон (50 л. көлемі),
олардан 3 баллон жанып тұрған өрт орнынан көшірді.

Қызметтен тыс біздің каһарман – үлгілі отбасының иесі, үш баланы тәрбиелеп отырған әке. Үлкен қызы тұрмысқа шықты, екінші қызы 9 сыныпқа, ал ұлы 3-сыныпқа көшті. Сүйікті әйелі Айнагүл барлық істерде күйеуіні қолдайды. Енді ол Жасұлан үшін аз уайымдайды, өйткені ол
отбасына көбірек уақыт бөледі.

Жасұлан Жомартұлының азаматтық қорғау органдардағы қызметі аяқталды, ағымдағы жылдың 24 маусым күні Петропавл қаласының 1-МӨСБ ұжымы құрметті әріптесін лайықты демалысқа шығарып салды. Осы себепке арналған Іс-шараларға «СҚО ТЖД өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстар қызметі» ММ бастығы және СҚО ТЖ органдары ардагерлер кеңесінің төрағасы Уәлиев С.Қ. қатысты. Олар Ж.Ж. Есқалиевке естелік сыйлықтар мен «Азаматтық қорғау органдарына 25 жыл» мерейтойлық медаль табыстады. Жасұлан Жомартұлынан да Петропавл қ.1-МӨСБ жеке құрамына сыйлықтар берілді.

Ду қол шапалақпен біздің жас ардагерді шығарып салды. Оған жылдар бойы қажырлы еңбегі үшін алғыс айтқымыз келеді, оған әрдайым мейірімді, жауапты батыл адам болуын тілейміз, бәрімізге үлгі болын. Оған және оның жақындарына мықты денсаулық. Қызмет үшін рахмет!

Марат Нұрғалиев,

Петропавл қ. 1-МӨСБ бастығының уақытша міндеттер атқарушысы

азаматтық қорғау подполковнигі