СҚО ТЖД: мемлекеттік қызметші күніне арналады!

СҚО ТЖД: мемлекеттік қызметші күніне арналады!

23 маусымда Солтүстік Қазапқстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінде мемлекеттік қызметшілер күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиналыс өтті. Бұл күні акт залында Департаменттің басқармалары мен бөлімдерінің, «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ қызметкерлері, азаматтық қорғау органдарының ардагерлері жиналды. Мемлекеттік гимн орындалып, бейнеролик қаралғаннан кейін іс-шараға қатысушыларға Департамент бастығы полковник Рамиль Камалов қысқаша сөз сөйледі. Оның сөзінде  мемлекеттік қызметтің жоғары қоғамдық маңыздылығы, егемен демократиялық Қазақстанның қалыптасуындағы оның рөлі мен маңызы туралы идея қызыл жіппен айтылып өтті. Ол мемлекеттік қызметтегі жұмыс, ең алдымен, ел алдындағы жоғары жауапкершілік екенін атап өтті. «Адамдармен жұмыс жасай отырып, біз азаматтардың мемлекеттік билікке деген сенімін нығайту, оларды қорғау мен ертегі күнге деген сенімді қамтамасыз ету үшін қолдан келгеннің бәрін жасауымыз керек»,- деп атап өтті Рамиль Фаткулович. Сондай-ақ, ол қоғамдық қаупсіздікті қамтамасыз етудің, азаматардың табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ-дан сенімді қорғаудың маңыздылығына назар аударды.

Содан кейін мерекелік бұйрық оқылды, одан кейін Департамент қызметкерлерін ведомстволық наградалармен және СҚО ТЖ департаменті бастығының алғыс хаттарымен марапаттау рәсімі өтті. 

2022 жылғы 11 наурызда Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ауданы Явленка селосында өртте балаларды құтқару кезінде көрсеткен батылдығы, ерлігі және жанқиярлығы үшін осы елдімекеннің тұрғыны Виктор Кривошеев «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалімен марапатталды.

Оның ерлік әрекеті қызметтік есептің күрделі жолдарында егжей-тегжейлі сипатталған. 2022 жылдың 11 наурызында шамамен 11 сағат 30 минутта азамат Виктор Васильевич Кривошеев  өз пәтеріндегі түтіннің иісін сезіп   пәтерін қараған, жану белгілері болмаған. Содан кейін ол көрші пәтерге шығып, осы пәтерден шыққан түтіннің иісін сезген. Кіре беріс есікке жақындап, пәтердің құлыптаулы екенін білгеннен соң  бірден көршісінің жұмысына жүгіріп, пәтерінен түтін шыққанын хабарлаған. Тез  арада үйге оралғаннан кейін олар жылыту пешінің жанында еденнің бүлінгенін байқаған, кейін олар осы пәтерде жалғыз болған үш баланы көшеге шығарған. Виктор Васильевич қолда бар құралдармен (сумен) сөндіруге кіріскен. Сол уақытта оқиға орнына Явленка селосының 10-ӨСБ өртке қарсы қызметінің күштері мен құралдары келіп жетіп, өрт ошағын жойған. Азамат Виктор Кривошеевтің қырағылық, сондай-ақ сауатты және шебер іс-әрекеттерінің арқасында батылдық пен жеделдіктің арқасында балалардың өмірі құтқарылып, екі пәтерлі тұрғын үйде өрттің алды алынды.

Виктор Васильевич белсенді қоғамшыл болып табылады, оның азаматтық бастамалар орталығындағы жұмысы мемлекет тарапынан жоғары бағаланды. Ол 2017 және 2019 жылдары Республика астанасында өткен Азаматтық форумдарда қажырлы еңбегі үшін марапатталған Мемлекеттік сыйлықтардың екі мәрте лауреаты.

    Осы айтулы күні Департамент бастығының алғыс хаттарымен ҚР ТЖМ аумақтық органының жұмысын құқықтық және ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету саласында адал еңбегі мен өзінің кәсіби міндеттерін үлгілі орындағаны үшін марапатталған бас мамандар Әсел Ыбыраева мен Еркеш Смайылов марапатталды.   

    Сондай-ақ СҚО ТЖД бөлімшелерінің қызметкерлеріне кезекті әскери атақтар берілді.

 

СҚО ТЖД Қоғаммен байланыс тобы